Авторы Ақмарал Махамбетәлі 9 Сәуір 2024 ж., 10:25 жарияланған 13 Қызылорда облысында ҚАЖД-ға қарасты қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде сотталған азамат заңды некеге тұрды.
Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №37 мекемесінде ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-тармағымен екі жылға бас бостандығынан айырылған сотталған азамат заңды некесін қиды. Жуырда ғана жаза мерзімін өтеуге жіберілген азамат мекеме заңгерінен кеңес алады. Некеге тұру бойынша өтініш жазды. Мекемеге сотталған азаматтың сүйіктісі келіп, мекеме заңгері Жалғас Есмаханов неке қию туралы куәліктерін табыстады.
– Неке және отбасы туралы кодекске сәйкес сотталғандардың да неке қиюға құқығы бар. Некесін қидырып, отбасылы болған жазасын өтеуші азамат жауапкершілікті сезініп, түзелу жолына түсіп, отбасына тезірек оралуға тырысады. Бүгін некесін қиған азамат та өзін жақсы жағынан көрсетіп, тәртібі жақсы болып, отбасына тезірек оралатынына сенім артамыз, – дейді Жалғас Есмаханов.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!