Бос уақытты тиімді пайдалану, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау және халықтың белсенді және салауатты өмір салтын жүргізуге ынтасын дамытуға негізделген профилактикалық жұмысты жетілдіру мақсатында Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы тарапынан облыстық наркологиялық диспансердің емделушілері арасында спорттық шара іске асырылды.
Дойбы және армрестлинг сияқты спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Жарысқа диспансердің 1,2,3,4 және 6 бөлімшелерінің емделушілері қатысты. Барлық бөлімшелердің өкілдері жарыста өздерін лайықты көрсете білді және жеңімпаз атанды.
Қатысушылар аталған іс-шараны ұйымдастырғаны үшін өздерінің алғыстарын білдіріп, полиция қызметкерлері мен медицина қызметкерлерінің бірлескен іс-әрекеттерін бағалады.
Жарысқа қатысушылар сыйлықтар және дипломдармен марапатталды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!