Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты № 68 мемлекеттік мекемесінде діни экстремизм және терроризм баптары бойынша сотталғандар баршылық. Дін жолында адасқандармен мекеме теологтары қарқынды жұмыс атқаруда. Сондай іс- шаралардың бірі ретінде мекеменің АКАӘПТЖБ-нің теологиялық оңалту жұмыстарының ұйымдастыру тобының аға инспектор теологы, әділет аға лейтенанты Рузиев Рашид Расулұлы экстремизм-терроризм бабы бойынша сотталған азаматтарға кездесу ұйымдастырды. Кездесудің басты мақсаты- сотталғандардың теріс ағымның жетегінде кетуіне жол бермеу.
Бұл кездесуде ҚМДБ-ға қарасты Қызылорда қалалық Төлен ата мешітінің имамы Бейсембаев Ғалымжан Оразаұлы С есімде жеке қабылдауында қабылдап, сөйлесті. Кездесу барысында сотталғандарды жеке қабылдап, «Діндегі мәзхаб ұғымы» тақырыбында әңгімелесті. Әңгіме негізінде сотталғандарға Ханафи мәзхаб жөнінде, соның ішінде намаз оқудың дәлелдерін келтіре отырып терең, жан-жақты қамтылған түрде түсініктеме берді. Осы тақырып аясында кәсіби маманнан мол мағлұмат алған сотталғандар жақсы әсерде қалды. Тек мұнымен ғана шектелмей сотталғандарды дәрістен соң жеке сұрақпен қабылдап, қосымша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
- Бүгін тергеу изоляторында оқшауланған аймақта ұсталынып отырған сотталғандарымен жеке жұмыс жасалынды. Оларға мұсылмандар арасында намазға қатысты жиі талқыға түсіп жүрген мәселе Ханафи мазхабында намаз оқудың дәлелдері мен ұстанымдары жөнінде түсініктеме берілді. Әңгіме барысында түрлі хадистерді негізге ала отырып, Әбу-Ханифа мәзхабы, ата-бабамыздың мұсылмандар арасында намазға қатысты жиі талқыға түсіп жүрген мәселелерге орай Ханафи мазхабының дәлелдері мен ұстанымдарын негізге ала отырып түсіндірме жұмысын жүргіздім- деп мәлімдеме жасады Төлен ата мешітінің имамы Бейсембаев Ғалымжан Оразаұлы.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!