Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Түнгі уақытта серуендеген 104 жасөспірімнің заңды өкіліне хаттама толтырылды

12.02.2021

1560 0

Облыс көлемінде «Жасөспірім-Көше» жедел профилактикалық іс-шарасының 2-күнінде полиция органдарына барлығы 116 кәмелетке толмағандар жеткізілген.

Оның 104 әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағандары үшін жеткізіліп, ата-аналарына әкімшілік хаттама толтырылса, 1-і қаңғыбастық пен кезбелікке салынғаны үшін облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.

Қызылорда облысы ПД-ң жүргізілген рейдтік іс-шара барысында олардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол берудің (ҚР ӘҚБтК-нің 132 бабы)-6 дерегі,Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь  өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзудың (ҚР ӘҚБтК-нің 200 бабы) 3 дерегі  анықталды.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамаған (ҚР ӘҚБтК-нің 127 бабы)3 ата-ана, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабымен (сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін кәмелетке толмағандар түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болуы және сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде болуы) 97 бала анықталып, олардың заңды өкілдеріне әкімшілік шаралар көрілді. 

Мәселең, Қармақшы ауданы 3-интернационал ауылының жолында  орналасқан кафелерінің бірінде жұмыс жасап жатқан жасөспірім қыздар анықталып, олардың заңды өкілдеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабының 1 бөлімімен әкімшілік құқық бұзушылық хаттама толтырылып айыппұл салынды.

Ал кафеде жұмыс жасауына жол бергені үшін иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 132 бабының 1 бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық хаттама толтырылып, 29 170 теңге айыппұл салынды.

Осы тектес дерек облыс орталығында да орын алды. Кафелердің бірінде 3 жасөспірім жүргені анықталып, әкімшісіне айыппұл салынды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: