Сенбі, 21 желтоқсан, 21:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Үйінде есірткі затын сақтаған қала тұрғыны 12 жылға сотталды

15.08.2022

943 0

11 қараша 2021 жылы «Рефлекс» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасының қызметкерлерімен облыс орталығының тұрғынының үйінен, ауласынан және сарайынан жасыл түсті ерекше иісі бар ұнтақталған шөптер табылған болатын.
Сараптама қортындысына сәйкес алынған шөп жалпы салмағы 4 келіден астам «кептірілген марихуана» екені белгілі болды. Сол күні қамауға алынды.
Күдіктінің іс-әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігімен 3- тармағымен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу, аса iрi мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты жасалған) сараланып, объективті тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп, қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 300-бабына сәйкес айыптау актісімен сотқа жолданды.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 11 мамыр 2022 жылғы үкімімен айыпталушыға 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: