Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Аудан ардагерлері өзгерістерді қолдайды

31.05.2022

772 0

Қазалы ауданындағы сапары барысында «AMANAT» партиясы республикалық штабының мүшесі Мәжіліс депутаттары, Бақытбек Смағұл аудан ардагерлерімен кездесіп, Конституцияның ел дамуындағы рөлін және жаңа Қазақстанды құрудағы конституциялық реформаның маңыздылығын талқылады.
Бақытбек Смағұл конституциялық реформа қоғамды демократияландырудың шынайы қадамы екенін айтты. Депутаттың пікірінше, референдум халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейту, азаматтардың құқықтарын қорғаудың конституциялық тетіктерін күшейту сияқты іргелі өзгерістерге жол ашады.
Жиында сайлау жүйесіндегі өзгерістер, жаңа баптар, референдумның қоғамға берер мүмкіндіктері жайлы облыстық штаб мүшесі Ибадулла Тлеп кеңірек тоқталып әрбір қазақстандыққа өз пікірін білдіруге мүмкіндік беретін 5 маусым күнгі референдумға аудан ақсақалдарын елді бастап баруға шақырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: