Сәрсенбі, 30 қазан, 05:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№86-2096
29.10.2024
PDF мұрағаты

Үміткерлер теміржолшылармен кездесті

24.12.2020

733 0

Бүгін «Nur Otan» партиясының өкілдері үгіт-насихат жұмысы аясында Қызылорда локомотив пайдалану депосы қызметкерлерімен кездесті. Шараға Қызылорда қалалық мәслихат депутаттағына үміткерлер Ибрагим Басықараев, Мұхиджан Кәрімбаев, Ділмұхаммед Абизов, Гүлнар Жұмашева және Айгүл Мұсабаева, Жандос Базартай қатысып, келушілерді партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, алдағы жоспарларын жеткізді.

Сонымен қатар, қатысушылар шаһар дамуына қатысты әлеуметтік-экономикалық мәселелер көтеріп, ашық пікір алмасуға мүмкіндік алды. Үміткерлер өз кезегінде түрлі саладағы сауалдарға толымды жауап беріп, мәселе шешімін партияның сайлауалды бағдарламасымен ұштастырды. Ал, үміткер Гүлнар Жұмашева болса, қаладағы баспана, экономикалық өсім, денсаулық ахуалына қатысты партия жоспарына кеңінен тоқталды.

– «Nur Otan» партиясы қаладағы көптеген әлеуметтік мәселенің шешім табуына түрткі болуда. Соның бірі – баспана мәселесі. 70 мыңнан аса отбасы қоныстанған қалада тұрғын үйге қажеттілігінің жоғары болатыны белгілі. Осыны ескере отырып, партия Қазақстанда тұрғын үй құрылысын дамытуға басымдық береді. Өткен жылдың өзінде «Нұрлы жер» бағдарламасымен 380 отбасы тұрғын үймен қамтылды. Тұрғын үймен қамтамасыз етілу деңгейі бір адамға шаққанда 20 ш.метрден 23,6 ш.метрге өсті. Бұл – үлкен жетістік. Алдағы уақытта тұрғын үй құрылысын арттыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық желілерін жөндеу жұмысы жоспарлы түрде жүзеге асатын болады, – деді Гүлнар Хамзақызы.

Басқосу соңында қатысушылар өзара сұрақ-жауап алмас, биылғы сайлау науқанының еркешелігі мен партия құрамы туралы мағұлмат алды.

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысы Қызылорда қаласының Сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: