Сәрсенбі, 08 мамыр, 08:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Ел чемпионатында Ғабиден Урынбаев жеңіске жетті

19.10.2021

1438 0

Ақтауда 15-17 қазан күндері каратэден ересектер арасындағы ел чемпионаты өтті. Жарысқа 13 облыстан 25 спортшы қатысып, командалық ката бойынша Қызылорда облысы көш бастады.

Дүбірлі додада өңіріміздің намысын қорғап, жеңіс тұғырынан көрінгендер сапында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері бар. Атап айтсақ, +18 жас салмақ дәрежесінде ката бағдарламасында Ғабиден Урынбаев ІІІ орын иеленсе, жалпы командалық катада жүлделі І орын алды.

«Елімізде каратэ спорты қарқынды дамып келеді. Оның дәлелі жоғары деңгейдегі жарыстардың ұйымдастырылуы. Каратэмен 7 жасымнан бастап айналысамын. Өзіме қатты ұнайды. Спортқа келу арқылы шыдамдылыққа, кез келген жағдайда ұстамды болуға үйрендім. Қазіргі таңда дене шынықтыру пәні мұғалімі мамандығының 1 курс студентімін. Университет тарапынан қолдау көрсетіліп, оқу ақысына 50 пайыздық жеңілдік берілді. Осы ретте, оқу орнының басшыларына алғысымды білдіремін»,-деді Ғабиден Урынбаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: