Жұма, 26 сәуiр, 16:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

-11°C болады: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

04.10.2021

523 0

Қазгидромет 5-7 қазан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Болжамға сәйкес, Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклон ықпалында болады. Ол жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының одан әрі төмендеуіне әкеледі.

Қазақстанның солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Ал 6 қазанда таулы аудандарда қатты жауын-шашын түседі.

Алдағы үш күнде жауын-шашын болып, тұман түседі. Синоптиктер болжамы бойынша көктайғақ пен бұрқасын болуы мүмкін.

Түнде Қазақстанның батысында ауа температурасы 0-5 аязға дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта 5-10 аязға дейін, шығыста 3-11 аязға дейін төмендейді.

Оңтүстікте түнгі уақытта аумақтың көп бөлігінде 1-6 градус аяз болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: