Сенбі, 20 сәуiр, 10:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

АСМР деген не?

26.11.2020

3818 0

Әлеуметтік желі және «YouTube» каналы арқылы желі қолданушылар мен көрермендерді тәрбиелеп жатыр. Трендті қуалаған толқын,  ақпараттың пайдасы мен зиянына бас қатырып жатқан жоқ. YouTube – тан өздерінің каналдарын ашып, белгілі бір бағытта блог жүргізуде. Соның бірі канал қолданушылар арасында сұранысқа ие АСМР түсіріп, көрерменнің «ықыласына» бөленіп жүргендер бар.

АСМР деген не?

АСМР термині автономды сенсорлық меридионалды жауап дегенді білдіреді. АСМР – бейне түсірудің бір түрі. Авторлар микрофонға сыбырлап, тамақтанып немесе ыдыстарды қозғалту арқылы дыбыс шығарады. Бұл қалай пайда болды? Ең алғаш 2010 жылы американдық Джениффер Аллен ойлап тапқан болатын. Ол өзінің ғарыштық дыбыстарды естіген кезде, миының демалғандығын айтады. Сондай-ақ бұрын-соңды болмаған түсініксіз сезімге бөленгендігін байқайды. Ол мұны интернет арқылы іздеп, ешқандай анықтама таба алмайды. Бір күні фейсбук желісінде басынан өткен оқиғаны айтып жазба қалдырады. Біршама уақыт өткен соң, пікір қалдырушылар саны артады. Яғни Д.Алленнің басынан өткен оқиға, барлық  қолданушылардың бойынан табылады. Содан соң зерттеуге бел буады. Нәтижесінде АСМР-дің адам миының бөліктеріне жақсы әсер ететіндігін анықтап табады. Қазіргі таңда он жылға жуық уақыт ішінде, АСМР түсірушілер саны күрт көбейген. Ең бірінші түсірілген бейне «Сыбыр – 1, сәлем!» деп аталды. Әсіресе әйелдердің бейнені көп түсіретіндігі анықталған. Мәселен, массаж жасаған әйел автордың ең ұзақ бейнесі 20 миллион қаралымға жеткен.Американдық зерттеушілердің пікірінше, мұндай әрекеттер көрермендерге тыныштандыруы да мүмкін. Себебі,  ми  ерте жастан таныс сигналдарды таниды.

Ғылым не дейді?

Ғылым әлі нақты бір анықтама берген жоқ. Бірақ ұйықтар алдында тыңдағанда миды тыныштантандырады деген пікірлерді мақұлдады. Сонымен қатар дыбысты естіген кезде  адам миының тербелісте болатындығын растады.                                                            Бүгінде қазақ тілді блогерлер арасында  АСМР – дің қолданыла бастағанын, контенттің көбейгендігін байқаймыз.

Маржан НҰРХАНҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: