Бейсенбі, 25 сәуiр, 21:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Неліктен қанды төртінші саусақтан алады?

27.03.2023

543 0

Анализ тапсыруға барғанда қанды төртінші – аты жоқ саусақтан алатынын білеміз. Неліктен қанды басқа саусақтардан емес, «шылдыр шүмек» саусақтан алады? Бұл сұрақ бір рет болсын сізді де мазалаған болар?! Оның негізгі үш себебін ұсынамыз.

Теріні кез келген саусақтан тесу жұқпа жұқтырып алуға әкелуі мүмкін. Бас бармақ пен шынашақ қолдың білегімен тікелей байланысты. Егер сәл инфекция түсер болса, бұл бүкіл қолға бірден таралады. Ал басқа саусақтар оқшауланған.

Жылдам жазылады

Басқалармен салыстырғанда төртінші саусақ аз қозғалады, ондағы жара жылдамырақ жазылады. Бір жағынан, бұл да жұқпа жұқтыру қаупін азайтады.

Ауыртпайды

Төртінші саусақ аз қозғалатындықтан, ондағы тері жұқарақ. Сондықтан оны жеңіл әрі ауыртпай тесуге болады.

massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: