Сенбі, 04 мамыр, 19:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі сыр өңірінде

19.09.2023

208 0

Биыл Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің құрылғанына – 90 жыл. Осыған орай, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Сыр өңірінде «Жыр тұнған Сырдың даласы» атты гастрольдік сапар аясында дәстүрлі концерт өтеді. Аталмыш сапар аясы Төретам кенті, Қармақшы мен Жаңақорған аудандарында да жалғаспақ. Бүгін Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің мүшелері 90 жылдық мерейтой аясында өткізілетін концерттің ерекшелігіне тоқталып, барша қызылордалықты дәстүрлі кештің куәсі болуға шақырды.-Өздеріңіз білетіндей, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі 1933 жылы құрылған болатын. Осы 90 жылдық тарихта біздің оркестр әлемнің және еліміздің үлкен сахналарында қазақ өнерін паш етіп, таңғажайып туындыларды жарыққа шығарды. Одан бөлек, елімізге танымал көптеген өнерпаздарды түлетті. Мінекей, бүгін оркестріміздің 90 жылдық мерейтойы аясында Сыр өңіріне жол түсіп, гастрольдік концертте қазақстандық композиторлардың танымал шығармалары және әлемдік классика жауһарлары шырқалатын болады. Сондай-ақ, Құрманғазы оркестрі әртістерінің қатысуымен шеберлік сабақтары, Қызылорда қаласында қайырымдылық концерті ұйымдастырылады, – деді бас дирижёр Абылай Тілепберген. -Сыр елі, Жыр елі атанған Қызылорда облысына келгенімізге қуаныштымыз. Біздің оркестр осы Сыр өңіріне 2015 жылы гастрольдік сапармен шығармашылық кешін өткізген болатын. Оркестрдің 90 жылдық мерейтойында қасиетті өлкеге тағы да табан тіредік. Әр келген сайын бізді құшақжая қарсы алып, қолдау білдіретін Сыр елінің халқына ризашылығымызды білдіреміз. Ұлттық оркестрдің дәстүрлі 90-шы маусымашар концертінде Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Рамазан Стамғазиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Саят Медеуов, Халықаралық конкурстардың лауреаты Назым Сағынтай өнер көрсетеді, – деді оркестрдің шығармашылық жөніндегі орынбасары Алтынбек Ахметов.- Қара қобыздың үні әулеген өлкеде өнер көрсету біздің оркестр үшін үлкен мәртебе. Осы гастрольдік сапарға тың дайындықпен келдік. Ұлттық әндеріміз шырқалатын шығармашылық кеште біз сіздерді күтеміз, – деді оркестр мүшесі Әсел Рақымжан.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: