Алматыда Медеуге барар жол түнде жөндеуге байланысты жабылады, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Керей-Жәнібек хандары көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
15 тамыз сағат 23:00-ден 16 тамыз 07:00-ге дейін қозғалыс «Ақбұлақ» бұлағынан 558/1 ғимаратқа дейінгі аумақта жабылады. Жабылған жолдың ұзындығы 1,2 км.
Айта кету керек, бұл көшенің жалпы 6 шақырымы жөнделмек. Тағы басқа жолдардың жабылатын күндері мен уақыты қосымша хабарланады.
Жөнделіп жатқан учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйымының басшысының байланыс ақпараттары көрсетілген стендтер қойылады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!