Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 18:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Балабақшаның есігі қыздың саусағын кесіп түскен

17.11.2023

954 0

Фото: pixabay

Павлодарда балабақшада қыздың шынашағының жартысын есік кесіп түскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Зардап шеккен баланың анасының айтуынша, балалар даладан серуендеп келе жатқанда қыз табалдырықтан аттап, есіктің жақтауын ұстаған. Сол сәтте күтуші есікті жібере салған. 

«Баланың оң қолындағы шынашағының жартысын есік кесіп түскен. Олар жедел жәрдем шақырып, ауруханада қызымның саусағын тігіп бергенімен, ол жазылмады, керісінше қарайып кетті. 20 қазанда ампутация жасап, жартысынан көбін алып тастады. Балабақша әкімшілігі басқа баланың терезеге шығып кетуіне байланысты күтушінің есікті жібере салғанын айтты. Олардың өзі есеңгіреп қалды», – деді әйел.

Павлодарлық әйелдің айтуынша, балабақша өкілдері тіпті кешірім де сұрамаған, камераға түсірілген бейнелерді көруге рұқсат бермеген.

«Қызым саусағын тіккен кезде қатты шошыды. Сосын саусағын кесіп тастады, екі апта бойы күніне алты рет укол салды. Қазір ол саусағын таңғышсыз көрсе, байбалам салады. Балабақшада есікті ұстауға әдетте күзетшілер көмектеседі екен. Дәл сол күні есікті таспен бекітіп қоюға болатын еді», – деді қыздың анасы.

Ал полиция тергеуді бастағанын хабарлады. Павлодар қалалық білім бөлімі әйелдің өтініші қаралып, кінәлілер жазаланатынын айтты.

«Мектепке дейінгі ұйым басшысы мен тәрбиешіден түсініктемелер алынып, бейнебақылау камералары қаралды. Осы фактіге жол бергені үшін балабақша меңгерушісіне қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза тағайындалады», – делінген хабарламада. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: