Жұма, 04 қазан, 06:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№78-2088
01.10.2024
PDF мұрағаты

Гендерлік теңдік отбасы құндылығын арттыруға мүмкіндік береді

04.10.2023

773 0

Дүние жүзіндегі миллиондаған әйелдер мен ер адамдар нәсіл немесе жыныс, жыныстық бағдар, гендерлік сәйкестік, саяси немесе басқа пікірлердің себебінен, мүгедектікке, этникалық шығу тегіне, байырғы халыққа немесе тайпаға жататындығына, дініне байланысты белгілі бір қызметпен айналысуға мәжбүрленіп, білім алу және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерінен айырылған.
Әйелдер, этникалық немесе нәсілдік азшылықтар және мигранттар сияқты халықтың жекелеген санаттарына қатысты еңбек нарығындағы кемсітушілік олардың қанау мен зорлық – зомбылық, оның ішінде мәжбүрлі еңбек түріндегі қауіп – қатерге ұшырауын айтарлықтай арттырды.
Көбінесе кемсітушілік өзінің көптеген көріністеріне қарамастан адамдардың қадір-қасиетіне нұқсан келтіріп, болашақтан айыратын көзге көрінбейтін, жасырын түрлерге ие болады. Бұл олардың жұмыста өз пікірін білдіру және оған толық қатысу мүмкіндігінен айырады. Кемсітушілік адам әлеуетін тұңшықтырады, экономикалық прогреске қажетті таланттарды босқа жұмсайды, әлеуметтік шиеленіс пен теңсіздікті күшейтеді. Бұл сондай-ақ әлеуметтік оқшауланудың және кедейліктің негізгі себебі болып табылады.
Кемсітушіліктен бостандық – жұмысшыларға жұмыс орнын еркін таңдауға, өз әлеуетін толық дамытуға және еңбегі үшін лайықты жалақы алуға қажетті негізгі адам құқықтарының бірі.
Қазақстанның гендерлік саясаты да, әртүрлі атаумен, әртүрлі шарықтау, іркілістерімен, осындай заңдылықтар аясында қалыптасты.
Қазір Қазақстан – адам құқытары бойынша, соның ішінде жыныстар арасында теңдікті қамтамасыз етуге және әйелдер мен балаларды қорғауға бағытталған бір қатар маңызды шарттар мен конвенцияларға қатысушы. Осы бағытта заң қабылданып, мемлекет тарапынан тиісті шаралар әзірленді.
Мәселен, Президент жанындағы әйелдер мүддесін көздейтін, мемлекеттік органдар мен халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар арасын байланыстыратын Әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия 22 жыл бойы толассыз жұмыс істеп келеді.
Президент Қ.К.Тоқаевпен жүргізіліп отырған гендерлік саясатқа сәйкес, қазақстандық даму жағдайында еліміздегі әйелдер қауымына саяси және белсенді азаматтық ұстаным тұрғысынан барынша басымдық беріліп келеді.
Заманауи әлемде мемлекеттік қызметте, жеке кәсіпкерлікте болсын, әскери істе, ғылымда және өзге де өмірлік маңызды салаларда болсын әйелдердің орны айырықша екені белгілі. Гендерлік бағытта кадрлық саясат жүргізіліп жатқанын, мемлекеттік қызметтің барлық деңгейде жұмысқа орналасу және қызмет бабымен көтерілу үшін тең мүмкіндіктер жасалғанын, әйелдердің еңбек құқықтарын қорғау қамтамасыз етілгенін, қандайда бір кемсітушілік пен кедергілерге жол бермеу үшін іс-шаралар қолға алынғанын атап өту керек. Бүгінгі таңда әйелдер жоғары шешім қабылдау жұмыстарына түгел араласып жүр.
Жалпы, қазіргі кезде қоғамның барлық саласындағы жұмыстарға әйелдердің араласуы үйреншікті жағдайға айналған. Бірақ қашаннан шаңырақтағы жылылықтың ұйытқысы болып келген әйел затының үй ішіндегі орны лайықты бағаланбай, кемсітуге тап келетін жағдайлар да кездеседі. Қазақстан 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының негізгі мақсатының бірі – осы әйелдің мәртебесін көтеру арқылы отбасы құндылығын арттыру.
Адам капиталын дамытуға ерекше мән беріп отырған елімізде әйел теңдігі мәселесі маңызды болып тұр. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетіп, айналасын үйлестіріп, жарастырып отырған әйелдің өзіне тең дәрежеде, зор құрметпен қараған абзал.

Е.Тілеубай

Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының бас маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: