Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Жанат Мылтықбайқызы шәкірт тәрбиесі жолында талмай еңбек етіп, білім саласына өлшеусіз үлесін қосып жүрген бірқатар мұғалімдерді «Ы.Алтынсарин төсбелгісімен» марапаттады.
Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу – аса жауапты әрі күрделі міндет екенін айтқан бөлім басшысы әрбір ұстаз құрмет пен мемлекеттік наградаға лайықты екенін жеткізді. Ұрпақ тәрбиелеу мен білім беруде ұстаздардың еңбегі зор. Сондықтан да мәртебелі мамандық иелерінің қызметін өлшеусіз дер едім. Болашаққа жол сілтейтін мұғалімнің еңбегін лайықты бағалау өте маңызды міндет, – деді Жанат Мылтықбайқызы.
Жиында Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясының мұғалімі Альденова Сәуле, С.Әлжіков атындағы №144 орта мектебінің мұғалімі Қарапаев Сағатбек және Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейдін мұғалімі Қиясова Айгүл «Ы.Алтынсарин төсбелгісімен» марапатталды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!