Бейсенбі, 18 шiлде, 14:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№56-2066
16.07.2024
PDF мұрағаты

Аймақта тырысқақ ауруы тіркелген жоқ

13.06.2024

144 0

Сурет:almaty.tv
 Қызылорда облысы тырысқақ ауруынан Республика бойынша қауіптілігі бойынша   жоғары І типті  аумаққа жатады. Күннің ысуы, жаз маусымының басталуына байланысты тырысақ, жедел ішек ауруларының тіркелу қауіпі арта түседі. 2024 жылдың 5 айында облыста тырысқақ ауруы тіркелген жоқ. Қызылорда облысында соңғы тырысқақ ауруы 2005 жылы тіркелген. Облысымызда есепті мерзімде профилактикалық мақсатта 165 тұлға тырысқаққа тексеріліп, ауру анықталған жоқ.
 Республикада  биыл Үнді елінен әуе рейсімен  Алматы қаласына келгендер арасынан тіркеліп, санэпидқызмет тарапынан дер кезінде індеттің алдын алу,  әрі қарай таралуын болдырмаудың жедел іс-шаралары қолданылды.
 Әлемдегі эпидемиологиялық ахуал бойынша  «ҚР Ұлттық қоғамдық денсаулық қорғау орталығының»  эпидемиологиялық ахуал туралы ресми мәліметіне сәйкес жыл басынан бері Африканың батыс өңірлерінде  тырысқаққа  881 күдікті ретінде науқас тіркеліп, оның 91-нің диагнозы расталған. 

Қызылорда облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қызметі және өзге де тиісті салалармен бірігіп жергілікті атқарушы органдармен байланыста жыл көлемінде тырысқақ ауруының алдын алу мақсатында жұмыс жоспарлы түрде жүргізілуде. Қоршаған орта ашық су көздеріне мониторинг ұйымдастыру мақсатында мамыр – қазан айлары арасында обаға қарсы күрес станцияларының және санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының мамандары ашық су көздері бақылау нүктелерiнен су сынамалары алынып, тырысқаққа зерттеліп үнемі бақылауда ұсталады. Бақылау нүктелерінен тырысқақ қоздырғыштары бөлінген жағдайда, жедел түрде індетке қарсы шаралар жүргізіледі. Ауыз су жүйелеріне гиперхлорлау жұмыстары жүргізіліп, сынама алу нүктелерінің саны көбейтіліп, алу жиілігі – үш реттік теріс нәтиже алғанға дейін – аптасына 2-3 ретке дейін алынады. Стационарға келіп түскен жедел ішек ауруларымен ауыратын науқастарды бір рет тырысқаққа бактериологиялық тексеру жүзеге асырылады. Сонымен қатар халық арасында аурудың алдын алуда санитарлық ағарту жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отырады.
Тырысқақ ауруы туралы мағлұматқа келсек – аса қауіпті, жедел жұқпалы ауру. Тырысқақ-организмде су-тұзды және белоктық алмасудың бұзылуымен, сусыздануымен, токсикозбен, гастрэнтерит белгілерімен сипатталатын карантиндік инфекциялар тобына жатады.Тырысқақ ауруының ерекшелігі, ауа райы ыстық елдерде: Үндістан, Африка, Афганистан, Пакистан т.б. көптеген елдерде кездеседі.Тырысқақ вибрионы – ауру қоздырғышы суда, ашық су қоймаларында, тағамда бірнеше айға дейін сақталады.
Тырысқақ ауруы қалай жұғады? Аурудың негізгі көзі – ауру адам немесе вибриотасымалдаушы. Тырысқақтың қоздырғышы өте тез қимылдайтын, мутацияға тез түсетін, яғни өзгергіштігі өте жоғары микробтар қатарына жатады. Ауа-райының ыстық болуы ауру қоздырғыштарының көбеюіне «қолайлы» жағдай тудырады. Ауру қоздырғышы 16 ͦ С-тан жоғары болатын жылы, ақпайтын суларда жақсы көбейеді. Адам ағзасына ауру қоздырғышы  ауыз арқылы енеді. Сонымен бірге науқаспен қарым-қатынаста болса, залалданған суды қолданса, ашық суларда шомылғанда, тағам өнімдері, қоздырғышпен зақымдалған ыдыс, кір қол арқылы жұғады.
Тырысқақ ауруының негізгі клиникалық көріністері: тырысқақтың адамға жұққан кезден бастап клиникалық белгілерінің айқындалатын мерзімі, бірнеше сағаттан 6 күнге дейін созылуы мүмкін.  Аурудың алғашқы белгілері жедел басталады, дене қызуы көтерілмеуі де мүмкін, тамақтан улану белгілеріне өте ұқсас, адамның жүрегі айнып, құсады. Тамаққа тәбеті нашарлап, әлсірейді, іш өтеді. Қоздырғыш организмді уландыру жолымен  асқазан-ішек жолдарының қорыту жұмысын бұзып, науқастың нәжісі иіссіз, түссіз сұйыққа айналады. Науқас көп сұйықтық жоғалтады, одан дене қызуы бірден төмендейді, денесі тырысып, буындары тартылады, еріндерінің көгеруі байқалады, тынысы әлсізденеді. Науқастың жағдайы нашарлап, аузы құрғап, шөлдейді.  Кейде аурудың бірінші күндерінде науқас өліп кетуі мүмкін. Басқа жедел ішек ауруларынан тырысқақ аурының ерекшелігі ағымының ауырлығымен, өлімнің жоғарлығымен, қысқа мерзім ішінде кең аймақтағы тұрғындардың үлкен континентін залалдау қасиетімен ерекшеленеді.
Аурудың алдын алуда тұрғындарға кеңес:

  • жеке гигиена мен тамақты дұрыс дайындаудың ережелерін орындау; -қолды мұқият жуу, әсіресе, тамақ дайындар және тамақтанар алдында; -тек қайнатылған суды ішу немесе ыстық шай, кофе, бөтелкедегі ауыз су әдетте қауіпсіз саналады;
    • егер мұздың қауіпсіз судан жасалғанына күмәніңіз болса, сусынды сақындату үшін пайдаланбау;
    • термикалық өңдеуден мұқият өткізілген өнімдерді пайдалану, жеміс-көкөністерді қайнаған сумен жуу, шикі теңіз өнімдерін пайдаланбау;
  • пастерленбеген сүтті ішер алдында, оны қайнату;
  • тағам және сусындарды арнайы дүкендерден, таза, барлық санитарлық талаптар сақталған сауда орындарынан сатып алу;
  • арнайы белгіленген орындарда ғана суға шомылу, шомылу кезінде су жұтып қоюдан сақ болу;
    • аурудың алғашқы белгілері, яғни диарея болса, әсіресе, ауыр түрі немесе жиі құсу байқалса, шұғыл арада өз бетіңізбен үй жағдайында емделмей, медициналық көмекке жүгін қажет.
      Жаз мезгілі-тұрғындардың демалыс маусымында шет елдерге саяхаттау мақсатында әсіресе ыстық елдерге шығуына байланысты тырысқақ ауруының елімізге әкеліну қауіпі арта түседі. Әсіресе тырысқақ ауруынан қолайсыз болып саналатын елдерге саяхаттағанда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаған жөн.

Динара Жанабергенова
Қызылорда облысының санитариялық-
эпиедмиологиялық бақылау департаментінің
басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: