Бейсенбі, 18 сәуiр, 21:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Аймақтың бас санитар дәрігері вакцина қабылдады

01.02.2021

1040 0

 Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жанабергенова облыс бойынша алғашқылардың бірі болып қаладағы №1 емханада коронавирус инфекциясына қарсы Ресейде өндірілген «Гам Ковид Вак» екпесін салдырды.

Алдымен емхана дәрігерлерімен денсаулық жағдайы тексеріліп, эпидемиологиялық анамнез жинақталды.  Аталмыш вакцина қабылдауға ешқандай қарсы көрсетілімдер болған жоқ. 

Екпе салынғаннан кейін 30 минут дәрігерлер қадағалауында болу үшін медициналық бақылау аймағына жіберіп, вакцинадан кейінгі күтім мен сақтық шаралары туралы түсіндірме жүргізілді.

Бүгінгі күні Қызылорда облысында «Салқын тізбек» ережелері сақтала отырып, облысқа 1000 доза вакцина жеткізіліп, иммунобиологиялық препараттарды сақтау қоймасында. Ағымдағы жылдың 2-тоқсанына бастап COVID-19 коронавирустық инфекцияға қарсы отандықвакцина салынады деп жоспарлануда. Республика көлемінде 11 инфекцияның түріне жоспарлы, 8 инфекцияға эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша екпе жұмыстары жүргізіледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: