Қазақстанда коронавирустың таралуы бойынша “қызыл” аймақ жаңартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ВАК-қа сілтеме жасай отырып.
30 маусымдағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары орналасқан.
«Сары» аймақта: Шымкент, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Маңғыстау облыстары.
«Жасыл» аймақта: Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар, Түркістан облыстары, Қызылорда және СҚО.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!