Жұма, 17 мамыр, 07:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Ерте піскен көкөністер мен жемістерді таңдау кезінде неге мән беру керек?

02.05.2024

180 0

Көктемнің соңы мен жаз айлары – базарлар мен сауда сөрелерінде көкөністер мен жеміс-жидектердің алуан түрінің көбейетін кезеңі.Алайда тұрғындарға ерте піскен көкөністер мен жемістерден уланып қалу ықтималдығы бар екенін ескеруді ұсынамыз. Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті улану организмнің «жеделдетілген режимде» өсірілген көкөністерде белгілі бір мөлшерде кездесетін пестицидтер мен нитраттармен қанығуына байланысты болуы мүмкін екенін ескертеді. Жосықсыз өндірушілер тыңайтқыштардың рұқсат етілген дозаларын әдейі асырады, нәтижесінде көкөністер мен жемістер тәбетті ашатындай тартымды көрінеді. Бірақ әрқашан дәмді әрі пайдалы бола бермейді. Нитраттар, азот қышқылының тұзы адам ағзасында, кейде тоңазытқыштың ішінде нитриттерге, азот қышқылының тұздарына айналады, бұл өз кезегінде денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіреді. Мәселе нитраттардың болуында емес, олардың мөлшері мен концентрациясында. Аз мөлшердегі нитраттар мен нитриттерді ағзамыз қысқа уақыт ішінде өзі шығара алады, бірақ мөлшері шамадан тыс болып, ағза олармен қанығатын болса, бұл уланудың ауыр түрлеріне әкеп соғады. Көбіне нитраттардың көп мөлшері қызылша, кәді, қырыққабат, шөптер, шалғам, қарбыз және қауында кездеседі. Әсіресе, ерте піскен көкөністер мен жемістерді тұтынғанда абай болу керек, себебі нитраттармен улану ықтималдығы өте жоғары! Ең «жылдам пісетін» сұрыптардың өзі шілде айының соңына қарай бабымен пісе бастайды. Тамыздың соңынан бастап қазанға дейін – жақсы піскен қарбыз бен қауынды тұтынудың ең қолайлы уақыты.

Уланудың алғашқы белгілері: шаршағыштық, бастың ауруы, жүрек айну, құсу және диарея, кейбір жағдайларда температураның көтерілуі, құрысулар және буындардың ауыруы мүмкін. Уақтылы емдеу үшін дәрігерга қаралу керек.

​ Бірнеше қарапайым кеңестер нитраттардың мөлшерін азайтуға және қауіпсіз тағам жасауға көмектеседі:

– көкөністер мен жемістерді тек рұқсат етілген сауда орындарынан алуға кеңес береміз, өздігінен ұйымдастырылған жерлерден сатып алмаңыз;

– ерте піскен көкөністерді сатып алудан мейлінше аулақ болыңыз;

– сатып алынатын өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттарды талап етіңіз;

– Көкөністер мен жемістерді қабығынан, тамырынан (көкөністерден), сабақтарынан (ақжелкен, аскөк, балдыркөк, қырыққабат) нитраттардың тұтынылатын дозасын азайту үшін тазартыныз. Жеміс-жидек пен көкөністерді тұтынар алдында аз мөлшерге суда ұстаған жөн, бұл оның құрамындағы зиянды заттар көлемін азайтуға мүмкіндік береді.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ерте піскен жеміс-жидектерге, көкөністерге сақтықпен қарауға шақырады. Есіңізде болсын, дұрыс тамақтану – салауатты өмір кілті.

Динара Жанабергенова

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: