Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 08:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Жүрегім қан жылап отыр»: Жұлдыз Әбдукәрімова

15.07.2023

995 0

Актриса Жұлдыз Әбдукәрімова Түркістан облысында зорлап өлтірген, Алматыда ауыр соққылардан көз жұмған кішкентай қыздардың өлімін естіп жағасын ұстады. Өнер иесі жантүршігерлік жағдайдың мән-жайын біліп, кінәлілерден жауап алмақ ниетте. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Сұмдық… Таңсәріден әлемжеліні аша қалсам, Сарыағаштағы 5 жасар қыздың зұлымның қолынан қаза тапқанын оқыдым. Жүрек қан жылап жатыр. 5 жастағы қызды зорлап өлтірген. Бұл не сұмдық? Заман ақыр келген бе?
Адам деп айтуға аузым бармайды. Ол бұған дейін “кісі өлтіргені” үшін 10 жыл абақтыда болған екен.
Осындай психологиялық ауытқуы бар адамды қанша жыл түрмеде отырса да қайта қоғамға қосуға қарсымын!
Президент істің қалай болғанын анықтауға тапсырма берді. Қаскөй ұсталды Бірақ бүлдіршін зорланып өлді. Оның отбасына қалай көңіл айтпақпыз? Қалай жұбатпақпыз”, дейді актриса.

Жаға ұстатар жаңалықты естіген ол балалар мен олардың құқығын қорғауға білек сыбана кіріспек.

“Ойбайлап, мән-жайды білмек болып, ақпарат іздеп жатқанымда түске қарай Алматыда 7 жасар қызды “дәретін ұстай алмағаны үшін” өгей шешесі ұрып өлтірген. Таңда бір, түсте бір баланы өлтіріп тастайтын қандай елге айналдық?
Елдегі балалар құқығы туралы қаудаланған сұрақтар көкейімді тесіп жүргелі біраз болған. Жауаптыларды сөйлететін уақыт келді”, – деп жазды Жұлдыз Әбдукәрімова.

Актриса осыған қатысты оқырманға сұрау салды.

“Бүгінгі екі бүлдіршінге жасалған қатігездікке удай ашынып отырмын. Жазбасам “үн қатпады” деп сөгесіздер. Айтсам, “сөзден іске көш” дейсіздер. Хош, әрекетке көшейін. Елдегі қай жауапты ұйымнан сұрақ сұрап, жауап алайын? Адам құқықтары жөніндегі өкіл? Балалар омбудсмені? Құзырлы мекемелер?”, – деп сұрау салды ол. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: