Түркиядағы жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқан Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбековтің мәйіті Алматыға жеткізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігінде мәлімдеді.
«Қаза тапқан отандастарымыздың денесі Антакья қаласынан Антальяға жеткізіліп, 11 ақпанда кешке Алматыға жеткізілді. Мемлекет тасымалдау бойынша барлық шығындарды өз мойнына алды», – деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!