Сейсенбі, 07 мамыр, 19:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Текетірес күшейді

21.02.2023

434 0

Ресей мен Украина соғысы әлі де жалғасып жатыр. Еуропа елдері де соғысқа қарсылығын білдіріп, Украинаға максималды көмек беруге ұмтылуын тоқтатқан жоқ. Сондай-ақ АҚШ соғысқа қатысты кезекті мәлімдемесін айтты. Соғыс аясында болып жатқан оқиғалар турасында сағат сайынғы жаңалықтарын CNN жариялауды тоқтатқан жоқ. Біз де ең маңызды ақпараттарды оқырман назарына ұсынып отырмыз.

CNN тілшісі Жасмин Райт «Блинкен «Қытай Ресейге көмек беруі мүмкін», – деді» тақырыбында мақала жариялады. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Америка Қытай тарапынан Ресейге берілуі мүмкін көмектен қауіптеніп отырғанын мәлімдеді. Әсіресе Қытай Ресейге жойқын қару беруі мүмкін деген күдік басым.

– Біз мұны мұқият бақыладық. Бізде бар ақпарат бойынша Қытай оларға «өлімге» алып келетін қару жіберуі мүмкін. Егер дәл ондай қолдау көрсетсе біздің тарапымыздан жауап болатыны Қытайға ескертілді, – деді Блинкен Мюнхенде CBS телеарнасының «Face The Nation» бағдарламасына берген сұхбатында. Блинкен әзірге дәлелдерді көрсете алмайтынын айтқанымен жақын арада «барлығы» болатынын астарлап жеткізді.

Алдын ала ақпарат бойынша АҚШ қытайлықтар Ресейге «ешкімге білдірмей» көмек көрсетіп, «тап-таза» болып шыққысы келеді деп күдіктеніп отыр.

Сенатор Линдси Грэм Байден әкімшілігін украиналық әскерилерді ертерек «F-16» ұшақтарын басқаруды үйретуді сұрады. Сенатор Байденге Путиннің қарым-қатынасын қорқуды емес, Путинді ертерек жеңуді сұраған. Бұл туралы арнаға Аарон Пеллиш жазды.

Сонымен қатар Миа Альберти мен Сугама Покхарель Украина қару-жараққа мұқтаж екені туралы жазды. Еуроодақтың бас дипломаты Джозеп Боррель Украинада қару мен оқ жетіспеушілігі байқалатынын алға тартып, еуропалық елдерді ертерек көмек беруге шақырған.

Одақтың сыртқы істер жөніндегі бас дипломаты көмек берушілер танк жеткізіп беру туралы шешім қабылдай алмай жатқан кезде Украина қарулық жетіспеушілікке тап болғанын айтуда. «Ұзақ уақыттық мәселелерді шешеміз деп жүргенде шұғыл мәселелерді назардан тыс қалдырмаңыздар. Украинаны қолдаушылар көп, бірақ қаруы мен оқ аз. Бұл парадокс. Олар қазір құр қолдаудан гөрі материалдық демеушілікке мұқтаж», – деді Боррель.

Соғыс аясында Молдова да алаңдаушылық білдіруде. Билік қазір өз аумағына «абайсызда» түскен зымыраннан емес, Ресейдің ел үкіметін құлатуы мүмкін деп алаңдаулы.

Өткен айда Молдованың қауіпсіздік қызметінің басшысы 2023 жылдың басында елдің шығыс аумағына Ресейден қауіп төнуі мүмкін екенін айтты. Дүйсенбіде Молдова президенті Майя Санду Ресейдің оның үкіметін тұрақсыздандыруға бағытталған жоспары туралы ескертті. Алайда Ресейдің сыртқы істер министрлігі мұны жоққа шығарды.

Жалпы Молдова жері Ресейге Украинамен соғыста аса тиімді. 1991 жылы Кеңес Одағы ыдыраған кезде Шығыс Еуропада бірнеше «тоқтап тұрған» қақтығыс аймақтары пайда болды. Соның ішінде Молдованың Украинамен шекарасындағы Приднестровье деп аталатын жер де бар.

Бұл аумақ Молдованың тәуелсіз мемлекет болу немесе Румыниямен бірігу әрекеттеріне қарсылық білдіріп, 1990 жылы өзін «Кеңестік» республика деп жариялады. Келесі жылы Молдова тәуелсіздік алған кезде Ресей «бейбітшілік күштері» деп аталатын әскерін Приднестровьеге тез арада жеткізді. Міне, сол аймақты да Мәскеу әдеттегіше «Орыстарға қысым көрсетуде», – деп айыптап жатыр. Ресей Донецк пен Луганскіні де осындай айыппен басып алған болатын. Міне, осы себеппен және Украинаға шабуыл жасауға ыңғайлы аумақ болғандықтан Молдова Ресейден сескеніп отыр.

Түпнұсқадан аударып, шолу жасаған

Аслан НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: