Бейсенбі, 26 желтоқсан, 15:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Шенеунік кәсіпкерлерді ұлының оқуының ақшасын төлеуге мәжбүрлеген

17.07.2024

536 0

Сурет: smartnews.kz

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Бұл туралы smartnews.kz хабарлайды.

«Ол ұлының оқуына ақы төлеу қажеттілігі және дизельді отынмен қамтамасыз ету туралы бизнес өкілдеріне заңсыз нұсқаулар беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін күдікке ілінді. Сонымен қатар, шенеунік өңір кәсіпорындарының сұйытылған газдың тиісті көлемін алу құқығын шектеу арқылы заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтірді деген күдік бар», — делінген хабарламада. 

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта іс прокурорға жіберілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: