Сәрсенбі, 16 сәуiр, 21:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№27, 2140
15.04.2025
PDF мұрағаты

Мерекеңмен, оқырман!

15.04.2025

185 0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

15 сәуір – қазақ тарихында ерекше күн.  Осыдан бір ғасыр бұрын Ақмешітте өткен Қырғыз АКСР-і Кеңестерінің V съезінде ел астанасы болған қаланы Қызылорда деп атады. Сонымен қатар бұған дейін «киргиз» аталып келген ұлт атауы қазақ деп өзгерту туралы қаулы қабылданды. Қазақ елі үшін маңызды бұл күн қолыңызға алып оқып отырған «Ақмешіт апталығы» газеті үшін де ерекше.

1994 жылы дәл осы күні ұлт мүддесін ту еткен Сыр өңіріндегі алғашқы тәуелсіз басылымның жарыққа шығуының дәл осы күнмен тұспа-тұс келуі бекер емес шығар. Ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында қазақ тілінің мәртебесін биіктетуге, құжаттардың қазақ тілінде жазылуына айтарлықтай үлес қосқан басылым ұлттық құндылықтарды жаңғыртып, тарихи тақырыптарды тірілтті. Қазақ батырлары, жыршы-жыраулар туралы жазылған мақалалар газет бетінен түспеді. Тәуелсіз басылым ретінде өңір журналистикасына серпін берген газеттің бүгін жарыққа шыққанына 31 жыл толып отыр. Бүгінде қалалық газет статусы бар басылым қаланың тыныс-тіршілігімен қоса, ел жаңалықтары, қоғамдағы өзекті мәселелерді жазып келеді.Сонымен қатар салалар бойынша «Білім», «Денсаулық», «Экономика», «Экология», «ІТ-әлем», «Руханият», «Отбасы», «24/7», «Қуақы» секілді арнайы беттер ай сайын тұрақты шығып тұрады. Мұнан бөлек, «Қызылорда астана болғанда», «Қала тынысы», «Шынымды айтсам», «Жүрек кілті» – оқырман көңілінен шыққан тұрақты айдарлар. Сондай-ақ нөмірдің жүгін көтерер сараптамалық мақалалар да елдегі өзекті мәселелер қамтылып келеді. Тағы бір атап айтарлығы, оқырманды газет оқуға үндейтін ЖИ тілшілері Мәтінбек пен Аққағаз апта сайын әлеуметтік желілерде газеттің сенбілік санына шолу жасайды. Бұл да оқырман көңілінен шыққан дүниенің бірі. Газеттің туған күніне орай, оқырманға тарту ретінде тағы бір жаңа айдар қостық. «Жыр-күмбез» деп аталатын жаңа айдардың мақсаты – Сыр сүлейлерінің ізін жалғастырған жыршы-жырауларды насихаттау. Оқырман жыршы-жыраулардың сұхбатын газеттен оқып, QR-код арқылы ютуб арнамыздан терме тыңдай алады. Қысқасы, газет оқырманымен беделді. Біз үшін оқырманның пікірі қымбат. Сол себепті хат жазыңыз, ой бөлісіңіз, құрметті оқырман! Газеттің жарыққа шыққан күні оқырман үшін мереке деп санаймыз. Бұл күнге қалың оқырманмен жеткенімізді бақыт деп санаймыз. Басылымның оқырманы көп, ғұмыры ұзақ болғай!

Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: