Сейсенбі, 09 маусым, 01:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№43 (2255)
09.06.2026
PDF мұрағаты

Жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде

09.06.2026

38 0

Бүгінде құрылысы қарқынды қаланың көркейіп, көшелері кеңейіп жатқанын айтпау мүмкін емес. Қаланың тыныс-тіршілігі мен дамуы әрбір тұрғынға қуаныш сыйлары хақ. Бүгінде жолдар жөнделіп, көшелер кеңейіп, шаһар келбеті өзгеше кейіпке енді.

Әсіресе, соңғы жылдары қаланың шет аймақта­рындағы жолдарды жөндеуге ерекше көңіл бөлінуде. Осы бағыттағы жұмыстармен таныстыру мақсатында бұқаралық ақпарат өкілдеріне арнайы пресс-тур ұйымдастырылды.

Сағымбаев көшесіндегі реконструкция жұмыстары «Қыран» ЖШС жүргізуде. Нысанға жауапты маман Бақберген Ерсұлтанның айтуынша, жол төрт жолақты болып кеңейтілуде. Қазіргі таңда жұмыстың 60 пайызы орындалған.

– Оқушылар мектепке қатынауы үшін 1 қыркүйекке дейін толық аяқтауды жоспарлап отырмыз, – дейді ол.

Жоба аясында көше бойына заманауи жарықтандыру жүйелері орнатылып,  жаяу жүргіншілер жолы салынуда. Құрылыс алаңында қазіргі таңда 50-ден астам жұмысшы еңбек етуде.

Ал Қорқыт ата  көшесіндеі жолдарды жаңғырту жұмыс­тарын  «Әлем транс жол» мекемесі қолға алған. Учаске бастығы Мейіржан Сағаділдаевтың айтынша, бұл көшелер соңғы жиырма жылдан бері жөндеу көрмеген. Мамыр айында басталған жұ­мыстар­дың бүгінде 60 пайызы аяқ­талып, жоба соңғы ке­зеңге жақындаған.

Тұрғындар көптен күт­кен құрылыстың бірі – Бәйтерек шағын ауда­нындағы көпір құрылысы. Бұған дейін көліктерін көпірдің шетіне қалдырып, жаяу жүруге мәжбүр болған тұрғындар көпірдің пайдалануға берілуін асыға күтуде. «Асанас-Дар» ЖШС мамандары  көпір тіректерін құю жұмыстарын аяқтап, қазір сынақ кезеңін жүргізуде. Жобаның жалпы келісім шарт құны 975,9 миллион теңгені құрайды, ал ұзындығы 53 метрді құрайтын екі жолақты көпірде заманауи жарық­шамдарын орнату да жоспарланған.

Қаланың орталық бөлігінде де ауқымды жұмыстар атқарылуда. «УАД» ЖШС Н.Назарбаев даңғылы, А.Иманов, Бозғұл-1, Наурыз және Ш.Есенов көшелерін қамтитын 5,5 шақырым жол желісін жаңғыртуда. Директор­дың өндіріс жөніндегі орынбасары Самат Қарымсақтың айтуынша, 14 айға жоспарланған мерзімді 6 айға қысқартып, қыркүйекте толық қолданысқа беру көзделген. 14 метрлік жүріс бөлігі бар бұл жоба аясында жаяу жүргіншілер жолы мен лотоктар, жарықшамдарын орнату жұмыстары қатар жүргізілуде.

Сонымен қатар Мұстафа Шоқай көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолақтарының сызылуы – жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған маңызды істердің бірі.

Жалпы, қалада жол құрылысы қарқынды дамуда. Облыс орталығында жол қатынасына байланысты мәселелер шешімін тауып, жыл өткен сайын жақсарып келеді. Айта кетейік, қала әкімі жол құрылысына қойылатын басты талап сапа екенін үнемі айтып келеді. Яғни, әрбір істің жауапкершілікпен аяқталғаны маңызды. Жол сапасын жақсарту назардан тыс қалмақ емес.

Нарқыз БЕКМЫРЗА,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің

І курс студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: