Дүйсенбі, 17 маусым, 01:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№47-2057
15.06.2024
PDF мұрағаты

Мың алғыс, саған мектебім!

25.05.2024

193 0

Сурет:Н.Нұржаубай

Бүгін – түлектердің алтын ұя мектебімен қоштасатын күні. Кеудеде сан арман биікке қанат қақтырып, мақсат-мұратын межелеп, алысқа аттанады. Енді олар бұрынғыдай қоңырауды күтпейді. Оларды алда жаңа өмір тосып тұр. Болашағына қам жасап, қалаған мамандығы бойынша білім алуға ұмтылады.
Қала бойынша білім бөліміне қарасты мектептерден 2 878 шәкірт оқу бітірсе, жеке білім ошақтарынан 395 бала ұядан ұшып, арманға сапар шекпек. Оның ішінде 206 бала – «Алтын белгіге», 347 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер.
– ҚР Оқу-ағарту министрлігінің орта білім беру ұйымдарында мектеп бітіру іс-шараларын өткізу тұжырымдамасына сәйкес, биыл оқу жылы ерекше форматта өтуде. 1-10 сыныптар үшін 24 мамыр күні «Білімім – Отаныма» тақырыбында сынып сағаттары өтсе, бүгін, 25 мамыр күні түлектерге арналған «Мектебім, саған мың алғыс!» атты іс-шара өткізілуде. Мақсат – білім алушылардың жан-жақты тұлға болып қалыптасуына бағыт-бағдар беру, 11 жыл бойы білім алған алтын ұя мектебіне деген ыстық сезімін білдіру, – дейді Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Сәдуақасова.

Аян СПАНДИЯР

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: