Бейсенбі, 18 шiлде, 14:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№56-2066
16.07.2024
PDF мұрағаты

Полиция – ел қорғаны

22.06.2024

319 0

Елдің қауіпсіздігін сақтап, тыныштықты күзету жолында полиция қызметкерлерінің еңбегі ерен. 23 маусым – қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіп жолында аянбай еңбек етіп жүрген мамандық иелерінің төл мерекесі. Мереке қарсаңында өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық полиция департаменті Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Оралбек Омаров БАҚ өкілдеріне брифинг берді.

– 1992 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары туралы» заң қабылданып, 2007 жылы 5 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен 23 маусым – Қазақстан Полициясы күні деп бекітілген еді. Бүгінде Қазақстан полициясына 32 жыл толып отыр. Қазақстан полициясы күні мерекесі – осы жауапты қызметті жолға қоюдың басы-қасында болғандарға, ардагерлерге және бүгінде осы салада еңбек етіп жүргендерге ризашылық пен алғыс білдіру күні. Сондай-ақ біз бұл күні егемен елімізде Қазақстан полициясының іргетасын қалаған ардагерлерге құрмет көрсетіп, бейбіт уақытта ел тұрғындарының тыныштығы үшін өз өмірін құрбан еткен әріптестерімізді еске аламыз. Қызылорда облысының Жалағаш ауданындағы №124 орта мектебінде қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полиция капитаны Әбішев Кеңесбек Махметханұлының, Сырдария ауданындағы №131 орта мектебінде, 2003 жылы қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полиция лейтенанты Қозыбаев Талғат Есентайұлының құрметіне Ішкі істер министрлігінің нұсқаулығына сәйкес «Кадет сыныбы» және «Батылдық бұрышы» ашылды. «Кадет сыныбын» ашу жұмыстары жүйелі түрде оқу жылы басталғанда өз жалғасын табады, – дейді Оралбек Тәубақабылұлы.
Сондай-ақ осы атаулы күні ел қауіпсіздігін қорғау жолында қаза тапқандарға тағзым ете отырып, полиция қызметкерлерінің ерліктерін еске алып қана қоймай, құрметті зейнет демалысына шыққан ардагерлерге де құрмет көрсетеді. Бұл күн ардагерлердің қызметі мен адалдығы ұмытылмайтынын, оларға деген құрмет көрсетуге мүмкіндік береді.
– Сонымен қатар полиция қатарында ерлермен бірге погон таққан 200-ден аса әйел қызметкер бар. Бәрі де тәуелсіз Қазақстанның өркендеуіне өз үлесін қосуда. Қазіргі таңда басшылық лауазымда нәзік жан абыроймен атқарып келеді, – дейді Полиция департаменті бастығының орынбасары.
Сонымен қатар Полиция департаменті бастығының орынбасары Оралбек Тәубақабылұлы қоғамдық тәртіп сақтау мақсатында материалдық техникалық жабдықтау деңгейінің жақсарғанын айтты. Ішкі істер министрлігінің бастамасымен ішкі істер органдарын дамыту жөніндегі жол картасы бекітілді. Қазір полиция қызметкерлеріне тұрғын үйді жалға алу үшін жәрдемақы беріліп, жалақысы өскенін де атап айтты.


София Темірболат

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: