Дүйсенбі, 17 маусым, 04:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№47-2057
15.06.2024
PDF мұрағаты

Сақтансаң, сақтайды

25.05.2024

147 0

Осы аптада Қызылорда қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаевтың төрағалығымен қалалық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Отырысқа Қызылорда қаласы әкімдігінің дербес бөлімдерінің басшылары, Қосшыңырау ауылдық округінің әкімі, қалалық төтенше жағдайлар басқармасының, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің Жедел құтқару жасағының басшылары мен қалалық Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің бастығы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы және «Автобус паркі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы, БАҚ өкілдері қатысты.
Қоғамдық кеңестің күн тәртібінде қаралған мәселенің бірі – маусымдық суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік жайы.
Қазіргі таңда суға түсу маусымында адамдардың қауіпсіздік ережелерін сақтамай, соңы қайғылы оқиғамен аяқталуы өзекті болып отыр. Аталған мәселенің алдын алу үшін қалалық төтенше жағдайлар басқармасы бастығының міндетін атқарушы Е.Райымбеков жыл басынан бері төтенше жағдайлар басқармасы мен Жедел құтқару жасағы қызметкерлері бірлесіп 49 рейдтік профилактикалық жұмысы жүріп жатқанын жеткізді. Сонымен қатар тұрғындар мен балаларға түсіндірме, адам көп шоғырланған орындарда дауыс зорайтқыштар арқылы түсіндіру және балық аулаушыларға арналған дүкендерде жадынамалар ілініп, әлеуметтік желі парақшаларында да мақала мен бейнеролик жариялануда. Бұл бағыт бойынша төтенше жағдайлар басқармасы мен Жедел құтқару жасағы қызметкерлері бірлесіп, алдағы уақытта да түсіндірме жұмыстарын жүргізбек. Одан бөлек, қауіпті саналатын аймаққа қауіпсіздік белгілерін орнатуға және жаңартуға, 30 дана ескертпе тақтайшаларын әзірлеуге ұсыныс берді.
Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан тиісті ұсыныстар берілді. Сонымен қатар күн тәртібінен тыс қаладағы вандализм, яғни балалар арасындағы бұзақылықтардың алдын алу мәселесі де назардан тыс қалмады. Бұл мәселе бойынша полиция қызметінің басшылары мен қызметкері бұзақылық жасаған балаларды дер кезінде заңға сәйкес тәртіптік шара көрілгенін алға тартса, қоғамдық кеңес мүшелері бұл мәселені әлде де зерттеп, оның алдын алу шаралары бойынша ұсыныстары мен пікірін жеткізді.

Н.АЛТЫН

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: