Жұма, 17 мамыр, 18:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Баспанаға мұқтаждық азайып келеді

30.04.2024

265 0

Сурет:Н.Нұржаубай

Сыр өңірінің бас қаласы Қызылорда құрылыс қарқыны бойынша көш бастап тұр.  Заманауи өркениетпен бой көтерген зәулім үйлер қала халқының сәулетті тұрмысын паш еткендей. 

Саннан бөлек сапаға маңыз берген  құрылысшылардың қолтаңбасымен ерекшеленген әсем үйлерге қоныстанған қызылордалықтардың да қуанышында шек жоқ. 

Халықтың аз қамтылған тобына баспана беру, қамқорлық көрсету – еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарының негізгі басым­дығы екені белгілі.

Өткен жылы аймақта 4108 пәтерлік 300 тұрғын үй салынған. Нәтижесінде 2 400-ге жуық пәтер табысталып, 11 мыңнан астам тұрғынның баспана мәселесі шешімін тапқан. Биыл бюджет қаражаты есебінен 13,3 млрд теңгеге 1269 пәтерлік 67 тұрғын үй құрылысы жүргізілмек. Алдағы уақытта бұл көлем тағы да ұлғаяды. Жыл басынан бері  Тасбөгет кентінде 172 отбасы баспаналы болса, наурыз мерекесі қарсаңында Жаппасбай батыр көшесіндегі көпқабатты үйден 80 отбасыға үй берілді. Жуырда ғана 150 отбасыға Жаппасбай батыр көшесінен пәтер кілті табысталды.  Мұнан бөлек, алдағы уақытта «Сыр жастары» жеңілдетілген ипотекалық несие бағдарламасымен тағы да 60 шақты жас отбасы баспанамен қамтылмақ.

– Бүгін өзіміздің құтты қонысымызға келіп, риза болып отырмыз. Үй өте сапалы салынған. Баспалдақтары үлкен кісілерге лайықталып жаса­лыпты. Қабырғалары қалың. Подьездің ішіне жарық орнатылған. Есіктің алдына бала­лар алаңы салынған. Балаларымыз емін-еркін ойнап жүр.  Енді үйді күтіп ұстап, таза­лық сақтау тұрғындардың өзіне байланысты.  Қызыл­орда­лықтар  қазір қоныстойын көп тойлап жат­қанын естіп қуанып жатырмыз.  Қалада әсем ғимараттар, 7 қабатты тұрғын үй, әлеуметтік нысандар  бой көтеруде. Үлкендер жағы осы өзге­рістерге қуанып жатырмыз.  Құрыш қолды құры­лысшыларға мың алғыс, – дейді жаңа пәтер­ге ие болған  көпбалалы ана Феруза Әбжанова.

– Жолдасым өмірден өткеннен бері үй кезе­гінде тұрғанмын. 17 жыл дегенде баспанаға қол жеткізіп отырмын.  «Үйіңіздің кілтін алып кетіңіз» деген кезде  қобалжыдым, сенбедім. Кілт­ті қолыма алған кезде ғана мұның рас екеніне көзім жетті. 3 бөлмелі пәтер алдым. Тасбөгет­тің дәл орталығында.  Күн салқын кезде көшіп келдік. Бірақ өте жылы, сапалы салынған. Көршілеріміз де сенімдерінің ақталып, жақсы баспанаға қол жеткізгеніне  дән риза.  Балалары­мыз аулада асыр салып ойнап жүр. Бұдан асқан қуаныш бар ма? Алғысымыз шексіз, – дейді Роза Әбілдаева.

– Анам – мүгедек, әкем жоқ. Тек анамыздың зейнетақысымен күн кешіп отырмыз.  Бас­панаға зәру едік. Жақсы пәтерге қол жеткізіп, қуанышымызда шек жоқ.  Өз үйің болғаны қандай жақсы.  Анам да риза. Кезекке 2010 жылы тұрған едік. 14 жыл дегенде  құтты ме­кенімізбен қауыштық. Ел ағаларының қам­қорлығына рах­мет! Облыс, қала  әкімдеріне алғыс айтамын, – дейді 16 жастағы Бақдәулет Әбілдаев.

«Ел игілігіне қызмет ететін нысандардың құрылыс сапасына асқан жауапкершілікпен қарау керек. Сала басшылары өзіне қатысты әр жобаның уақытылы, әрі сапалы жүзеге асыруын бақылауда ұстауы қажет.  Басталған құрылыс жұмыстарын тиянақты орындап, мер­зімінде пайдалануға беруді тапсырамын», – деген болатын облыс әкімі  Нұрлыбек Нәлібаев жуырда өткен жиында.

Бүгінде құрылысшылар өз жұмыстарын са­палы, тиянақты, мерзімінде орындап, ел ал­ғысына бөленіп отыр

Г. ҚОЖАХМЕТОВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: