Жексенбі, 06 қазан, 02:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79-2089
05.10.2024
PDF мұрағаты

Мемлекет қолдаған Марат

10.09.2024

299 0

Мемлекет басшысы кәсіпкерлерді, жеке кәсібін ашамын деген азаматтарды қолдау керектігін жиі айтады. Бұл тұрғыда түрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеңілдетілген несие алуға болады. Ал мұндай мүмкіндікті қалт жібермей жеке ісін ашып, кәсіп бастағандар мемлекеттік бағдарламаның игілігін сезінуде.  Соның бірі – қала тұрғыны Марат Есетов.

Кейіпкеріміз осыдан екі жыл бұрын «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерін оқыту курсынан өткен. Кәсіп ашуды көптен бері мақсат еткен ол осылайша мемлекеттің көмегіне сүйенуді жөн көреді. Алдымен кәсіп бастадық, кейін оны жүргізудің қыр-сырын үйрететін арнайы курстан өтеді. Ал биыл мақсатына қадам жасау үшін 1476800 теңге көлеміндегі қайтарымсыз грантты жеңіп алды.

Кәсіпкер ІІІ топ мүгедегі. Денсаулығына қарамастан алдыға қадам басқан оның арманы биыл жүзеге асты.

– «Мемлекеттік бағдарламаның шапағаты мұқтаж жандарғада тигені қуантады. Адамға ең бастысы – еңбек пен ниет керек. Жаңадан бастаған кәсіпті одан әрі дамытсам деймін. Алдағы уақытта цехтың көлемін ұлғайтып,  қалада пластик өндірісін өркендетуді жоспарлап отырмын», – дейді «D&M Plast» ЖК иесі Марат Амантайұлы.

Кәсіп ашуға әркімнің ниеті болғанымен жүрегі дауаламайды. Ал кейіпкеріміз бұл сәттен сүрінбей өтті. Көздеген мақсатына қол жеткізіп, жеке өндіріс ошағын ашып отыр.

Қазіргі таңда кәсіпкер грант қаражатына өндіріске қажетті құрал-жабдықтар сатып алып, ісін жүргізуде. Пластик есік, терезе жасау ісі оған таңсық емес. Ол бұған дейін 10 жыл көлемінде осындай өндірісте еңбек етіп, мол тәжірибе жинаған. Енді сол тәжірибені жүзеге асырып жергілікті өндірістегі бәсекені арттырмақ.

Кәсіпкердің айтуынша, тәжірибенің арқасында тұрғындардың талғамы мен сұранысына сай сапалы есік-терезелер шығарылуда. Бүгінде шағын цехта 3 адам жұмыс істейді. Ал өндірісте пластикті кесу, бұрыштама жасау, үтіктеу сынды жұмыстар заманауи аппараттар арқылы жасалады. Тұрмыстық қолданыста кеңінен тараған пластик өнімдерге жергілікті тұрғындардың сұранысы жоғары көрінеді. Алайда кейіпкеріміз аптасына 3-4 тапсырыс қабылдап, өнімнің сапалы әрі уақытылы орындалуына басымдық берген.

А.ӘЛІМ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: