Жексенбі, 06 қазан, 02:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79-2089
05.10.2024
PDF мұрағаты

Қайтарымсыз қаржы екен деп, мақсатсыз пайдалануға болмайды

10.09.2024

442 0

Мемлекеттің халықтың қолына қармақ беріп, кәсіп ашуға жасап жатқан қолдауларының біріқайтарымсыз қаржы беруі. Ол көмекті алуға кімдер үміткер бола алады, көлемі қанша, қаржыны мақсатты пайдаланбаған жағдайда не болады?  

Көптің көкейінде жүрген толғақты мәселе жайлы «Мансап» орталығы филиалының азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын уақытша жұмысқа орналастыру бөлімінің басшысы Тұрсынай Қойшыбаевамен сұхбат­тасқан едік.

– Жалпы кәсіпкерлік мақсаттағы қайтарымсыз грант қанша мөлшерде  және қандай мақсатқа беріледі?

– «Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шара­ларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасының» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орын­басары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №272 бұйрығына сәйкес жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы адамдарға конкурстық негізде 400 еселенген айлық есептік көрсеткіштің мөлшеріне дейін беріледі. Гранттар кез келген кәсіп түріне 1 рет беріледі және нысаналы мақсаты бойынша қажетті еңбек құралын, мүкәммалды, тех­нологиялық жабдықты, жануарларды, малды, құс­тарды, бұталарды, тұқымдарды, көшеттерді сатып алу, ком­мерциялық жылжымайтын мүлік нысанының, сондай-ақ сауда ғимараттарын, оның ішінде жалға алу, пайдалану, сенімгерлік басқару құқығындағы сауда нысаны аумағында жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған үй-жайларды жалдау ақысын төлеу үшін беріледі. Гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейді.

– Гранттық қаржының негізгі операторы кімдер?

– Грант алуға үміткерлердің өтініші мен бизнес-жобасын «мансап» орталығы жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттарды алуға үміткерлердің өтініштерін қарастыру бойынша комиссияның отырысына қарауға шығарады.

Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган өңірлік кәсіпкерлер палатасының филиалдары, жергілікті атқару­шы органдар, қоғамдық бірлестіктер, ғылыми-білім беру мекемелері өкілдерінің, бизнес, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, салалық сарапшылардың қатысуы­мен аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, респуб­ликалық маңызы бар қалалар, астана деңгейінде комиссия  құрады.       

– Грантқа кімдер үміткер бола алады? Оқу курсына қалай қатысуға болады? Өтінімді қалай беру керек?

– Мемлекеттік грант 400 АЕК-ті (1 476 800 теңге) құрайды және нысаналы мақсаты жаңа бизнесті іске қосу және дамыту. Өтеусіз негізде тек бір рет қана беріледі. Грант қаражаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және да­мытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік  береді. Грантқа қатысуға атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көпбалалы отба­сылар,асыраушысы­нан айрылған әлеуметтік төлем алу­шылар, қоныс аударушы­лар, қандастар, еңбекке қарсы көрсетілімі жоқ мүгедектер, мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған ата-аналар.

Грант алудың тағы бір талабы – осы санаттағы азаматтар  жұмыссыз немесе  3 жылға дейінгі  жеке  кәсіпкер  болуы  шарт. Үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіп­керлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын  мерзімге сертификаты болуы  тиіс.

Өтінім беру үшін  порталға тіркелу, грант алу шарт­тарына сәйкестігіне тексеруден өту, бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу, өтінішті толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол  қою керек.

– Әрине, осы қаражат берілетін кәсіп түріне қойылған белгілі бір талаптар бар шығар…

– Гранттар бір рет беріледі және нысаналы мақсаты бойынша қажетті еңбек құралдарын, технологиялық жабдықты, жануарларды, малды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, сатып алу, коммерциялық жыл­жымайтын мүлік нысанының, сондай-ақ сауда нысанының, оның ішінде жалға алу, пайдалану, сенімгерлік басқару құқығындағы сауда орындарының аумағында жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған үй-жайларды жалдау ақысын төлеу үшін беріледі. Бұл ретте айта кететін жайт жұбайынан, жақын туыстарынан еңбек құралдары,  технологиялық жабдық, жануарлар, мал, құстар, көшеттер, бұталар, тұқымдар, көшеттер сатып алынбайды. Сонымен қатар жаңа бизнес идеяларды іске асыруға үй-жайлар жалға алынбайды. Гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарызды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер телімін сатып алуға, акцизделетін өнім өндіруге берілмейді.

– Бұл қаражатты мақсатты пайдалану мәселесі әлі де өзекті екені рас. Алғаннан кейін той жасап, несиесін жауып жіберетіндер де табылады. Бұл ретте не айтар едіңіз?

– Грант қаражатын нысаналы пайдалануды грант алу­шы бизнес-жобаға сәйкес порталда растайтын құжат ұсыну арқылы грант алған күннен бастап үш ай ішінде растайды. Грант алушы бизнес-жоспардың іске асырылу барысы туралы он екі ай ішінде тоқсан сайын есеп тапсырады. Гранттардың нысаналы пайдаланылу мониторингін бақы­лауды еңбек мобильділігі орталығы «Мансап» орталығы арқылы жүзеге асырады.

Грант алушы гранттық қаражаттың нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылғанын немесе грант қаражатының пайдаланылмағанын растау болмаған кезде шарт жасалған күннен бастап 3 ай ішінде портал арқылы қаражатты толық ерікті түрде қайтаруға өтінім береді. Егер гранттар нысаналы мақсатқа пайдаланбаған фактілер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген шаралар бойынша сот органдарына қаржыны кері қайтаруға талап арыз беріледі. Сондықтан бұл жерде қайтарымсыз қаржы екен деп мақсатсыз пайдалануға бол­майды. Оның артында жауапкершілігі бар.

– Сұхбатыңызға рахмет.

Әңгімелескен Гауһар ҚОЖАХМЕТОВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: