Сәрсенбі, 08 мамыр, 16:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

«Жемесем де тойдым»

02.03.2024

354 0

Осман империясының тарихында көп­теген маңызды мешіттер бар. Дегенмен олардың кейбіреуі тек архитектуралық құрылысымен ғана емес, қызықты оқиға­ларымен де ерекшеленеді. Соның бірі –

«Жемесем де тойдым» мешіті.

Осман дәуірінде сұлтандар салған мешітке бір саудагер тәнті болыпты. Көздің жауын алған кереметке қайран қалып, бойында мешіт салуға деген құлшыныс оянады. Алайда мұндай арманға жетуге оның әлеуметтік жағдайы жеткіліксіз еді. Ниеті күшейгені сонша, арманы құмарлыққа айналады. Мешіт салуды өмірлік мақсат еткен саудагер, айналасынан қолдау күтеді. «Тым үлкен іске талпынба» деп, бастамасын ешкім қолдамаса да, саудагер ешкімге құлақ аспайды.

Арманына жету үшін қызықты шешім қабылдайды. Дәмді тағамды қалаған сайын нәпсісін тиып, «жемесем де тойдым» деп, ақшасын бөлек қояды. Осы табандылығымен 20 жыл бойы ақша жинап, қалаған мешітін салуға қажетті соманы жинайды. Ақыры ерік-жігері мен үнемшілдігінің арқасында Фатих ауданынан жеке мешіт салдырады. Мешіт атауын «Жемесем де тойдым» деп саудагердің өзі қойған деген қауесет бар.

«Жемесем де тойдым» мешіті – 1750 жылы Стамбулдағы Фатих ауданында орналасқан орта тап саудагер Кечежи Хайреддин салған тарихи ғибадат орны. Екінші дүниежүзілік соғыс басталмай тұ­рып, «Фатих өртінде» қатты зақымданған мешіт 1959-1960 жылдары жұртшылықтың көмегімен түпнұсқадан өзгеше түрде қайта салынып, бүгінге дейін қызмет етуде.

Бұл мешітке 200 адам сияды. Түркия­дағы атақты туристік ғимараттың бірі. Көлемі 100 шаршы метрді құрайтын мешітте құлшылық қылып қана қоймай, тарихи мекенді көруге келген қонақтар ұзын-сонар кезекте тұрады.

Марина САҒИДАТБЕК

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: