Бейсенбі, 09 мамыр, 09:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Жер қашан беріледі?

05.03.2024

438 0

Қалалық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Пахуатдин Шамұратов БАҚ өкілдеріне брифинг берді.

Өткен жылы ауыл шаруа­шылығы жалпы өнімінің көлемі 15 млрд 86 млн теңгені құраған. 9079 гектарға ауыл шаруашылық дақылдары егі­ліп, негізгі дақыл күріштің 4136 гектарынан 20680 тон­на өнім алынған. Ал мал шаруа­шылығы бойынша  2566 тонна ет, 5473 тонна сүт, 689 мың дана жұмыртқа өндірілген.

Қала тұрғындарын көкөніс және бақша өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында Қарауылтөбе ауылдық ок­ругінен 10 гектар егістік жер бөлініп, қызығушылық танытқан 100-ге жуық тұрғын бау-бақша дақылдарын егу­мен айналысқан. Сондай-ақ қашыртқы, каналды тазалау, гидротехникалық құ­рылыстарды жөндеу жұ­мы­сы бойынша ішкі су жол­дарынан 54 300 текше метр топырақ шығарылып, 4 дана гидробекет, 2 дана су құрылысы жөндеуден өткізілген.

– Қызылорда қаласы бойынша 70886 азамат жер кезегіне тіркелген. 2005 жылы кезектегі 11163 азамат тіркелген болса, оның ішінде қалған 2428 азаматқа жер учаскесін табыстау жұмысы жүргізілуде. 2023 жылы жер учаскесін нысаналы мақсатына сай пайдаланылмаған кәсіпкерлік мақсатында 194 жер учаскесі, мемлекеттік жерді заңсыз иеленіп, артық қоршау жүр­­гізген 72 меншік иесі облыстық жер ресурстарын бас­қару департаментіне жол­данды, – деді Пахуатдин Сыражадинұлы.

Бұдан бөлек, ауыл шаруа­шылығы мақсатындағы көле­мі 2029,5 гектарды құрайтын 16 жер учаскесі мемлекеттік жер қорына қайтарылған. Биыл аталған жұмыстардың жалғасы ретінде көлемі 752 гектар құрайтын 6 жер мемлекеттің жер қорына қайтарылған. Сонымен қатар жайылымдық мақсатында игерілмеген 894 жер учас­кесінің пайдалануына жүр­гізілген мониторинг нә­тижесімен көлемі 75437,72 гектарды құрайтын 744 жер учаскесіне мал басы тіркелген.

Марина САҒИДАТБЕК

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: