Бейсенбі, 18 шiлде, 13:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№56-2066
16.07.2024
PDF мұрағаты

Жандос Мәлік, Қызылорда қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты:Атақ үшін емес, ел сеніміне қызмет етемін

22.06.2024

462 0

Көктемнің жаймашуақ күнінің бірінде Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел «102» арнасына қала аумағында жеке үйдің бірінде өрт шыққандығы туралы хабарлама түсті. Полицейлер оқиға орнына жеткенде тілсіз жау күш алып, үйдің ішін қою түтін басқан. Осы оқиғада алғашқылардың бірі болып, тілсіз жаудың ортасына кіріп, басын қатерге тіккен Қызылорда қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Жандос Мәлікпен сұхбаттасқан едік.
– Өртке оранған үйден зардап шеккендерді эвакуациялау кезінде қандай әрекет жасадыңыз?
– Хабарлама түскен бойда дереу оқиға орнына аттандық. Жағдайды тез бағалап, құтқару жұмыстарын бастадық. Өртке оранған бөлмелердің бірінен 73 және 69 жастағы қала тұрғындары және 5 шетел азаматтары эвакуацияланып, адамдарды құтқару жұмыстарын шебер ұйымдастырдық. Зардап шеккендердің өмірі мен денсаулығын қорғау үшін барлық қажетті қауіпсіздік шарасын қабылдап, шұғыл әрекет ету арқасында құтқарылған азаматтардың өміріне еш қауіп төнбеді. Өз басым өз іс-әрекеттерімді кәсіби борышымды орындау деп санаймын және атақ-даңққа ұмтылмаймын, өйткені қиын жағдайда қалған адамдарға көмектесу біздің міндетіміз деп есептеймін. Өмірді құтқару мен үшін және менің әріптестерім үшін мақтанатын нәрсе емес, күнделікті ойланбастан орындайтын жауапкершілік. Біздің міндетіміз – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
– Полиция қызметкері ретіндегі қызметіңіз туралы айтып берсеңіз, қандай міндеттер мен жауапкершілік бар?
– Полиция қызметкерінің жұмысы – жоғары жауапкершілік пен кәсібилікті талап ететін қызмет. Күн сайын тек заң білімін ғана емес, адам психологиясын, қоғамдық қатынастарды терең білуді талап ететін міндеттер қойылады. Азаматтардың құқықтарын қорғауға, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге міндеттіміз. Бұған қылмыстың алдын алу, қоғамның сенімі мен құрметін қолдау кіреді. Полиция қызметкерлері адам құқықтарын сақтай отырып, қатаң заң аясында әрекет етуі керек. Өз міндеттерін тиімді атқару үшін өз дағдылары мен білімдерін үнемі жетілдіріп отыруымыз қажет. Басты міндетіміздің бірі – барлық азаматтар үшін қауіпсіз және әділ орта құру.
– Тәртіпті сақтау және мәселелерді шешу үшін қандай әдістерді қолданасыз?
– Кез келген полиция қызметкерінің жұмысы тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізі саналатын заңды қатаң сақтауға негізделген. Полиция проблемаларды шешу үшін профилактикалық әңгімелесулер мен қоғамдық науқандардан бастап жедел-іздестіру шаралары секілді түрлі әдісті қолданылады. Маңызды аспект – халықпен ынтымақтастық, оның ішінде тұрғындармен кездесулер өткізіп, өзекті мәселелерді талқылап, оларды шешу жолдарын қарастыру. Заңды сақтау – полиция қызметкерінің міндеті ғана емес, халықтың сенімінің негізі.
– Полиция қызметкері болғысы келетін жастарға қандай кеңес берер едіңіз…
– Полиция қызметкері болу – қоғамға қызмет ету, құқық тәртібін қорғау жолын таңдау деген сөз. Полицияда табысты қызмет ету үшін жастардың бойында бірқатар қасиеттер болу қажет. Полиция қызметкері болғысы келетіндер үшін болашақ мансабында көмектесетін бірқатар қасиеттерді дамыту маңызды. Ең бастысы, полиция қызметкерлері халықтың қауіпсіздігіне жауапты болғандықтан, жоғары жауапкершілік пен сенімділік талап етіледі. Әртүрлі жағдайларда тез шешім қабылдау қабілеті, сондай-ақ экстремалды жағдайларда сабырлылық пен жинақылық қабілеті де маңызды. Сондай-ақ физикалық дайындық пен төзімділік, басқалардың проблемалары мен қиындықтарын түсіну, сенімді орнатуға және түрлі жағдайларда адамдармен қарым қатынасты орната алуы маңызды. Бұл қасиеттер жастардың полиция қызметкері болып қана қоймай, осы салада маман болып қалыптасуына септігін тигізеді. Оқуда осы мамандықты таңдамас бұрын, сіздің құндылықтарыңызды таңдаған мамандығыңызбен үйлесімділігі туралы ойлану маңызды. Көбінесе адамдар мамандық таңдауда қателеседі, жұмыс барысында қиындықтарды жеңе алмайтынын түсінеді. Сондықтан жеке қабілет туралы ойлану және таңдаған мамандыққа сәйкес келетініне көз жеткізу маңызды.
– Сұхбатыңызға рахмет.

Әңгімелескен София Хайруллақызы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: