Бейсенбі, 18 шiлде, 14:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№56-2066
16.07.2024
PDF мұрағаты

Жаңарған орталық алаң

22.06.2024

434 0

Жасарған да, жайнаған да, жаңарған,
Орындалған сұлу сырда сан арман.
Көшелері қайта түлеп, жаңғырған,
Гүлзарлары хас сұлудай таранған, –
деп ақын жырлағандай, Сырдың бас шаһары жылдан-жылға көркейіп, заманауи ғимараттар бой түзеп, жаңа ойын алаңдары, демалыс орындары ашылып, көшелер кеңейіп, қалалықтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлауда.
Тұрғындардың көптен күткен ақжолтай қуанышы орталық алаңның ашылып, ел игілігіне берілуі болды. Енді қала қонақтары, қызылордалықтар кешкі демалыс уақытында шамдары жауһардай жарқырап, көркімен көз тартатын алаңда серуендеп, көңіл көтеретін болды. Жаңарған орталық алаңға қала тұрғындары мен қонақтары ризашылық білдіруде.
– Көзді арбаған ертегі еліндегідей көрініс балаларымызға да шаттық сыйлады. Алуан түрлі түс беріп, көкке шапшыған субұрқақтар, диодты шамдар, жайқалған газон, көпжылдық жасыл көшеттер алаңның көркін айшықтап тұр. Шағын архитектуралық пішін, жаңа үлгідегі орындықтар, жарық бағаналары және балалар ойын алаңы демалушыларға шабыт сыйлайды. Мұнда келушілердің қатары өте көп. Шаттыққа бөлендік. Қала халқына қуаныш сыйлаған жандарға мың алғыс, – дейді қала тұрғыны Гүлсара Бакеева.
Расында, орталық алаңды бас қаланың ең шырайлы жері десек болғандай. Ең бастысы, жаңарып, жасарып, болашаққа қанат жайған көрікті қаланың жетістігіне ел риза.


Г. АСҚАРҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: