Сенбі, 23 қараша, 15:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

«Алжыған Уахаптар!»: Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева діни салттарды сынады

15.08.2024

278 0

Фото: instagram.com/aigulyelshibayeva01/

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева тойды садақаға айналдырып алғандарды сынады, – деп хабарлайды Massaget.kz.

«Алжыған Уахаптар! Қыз баланы құран оқып, өлік жөнелткендей ұзатқан не масқара. Көрген көзде жазық жоқ. Уахаптар салт-дәстүрге қарсы болсаңдар, құран оқып ұзатқанша, ұзату тойын жасамай, үйлерінен жібере салсаңдаршы, салт-дәстүрімізді қор қылмай», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Дәстүрлі әнші қыз ұзату қазақ халқының салт-дәстүріне жататынын айтып, мұны арабтардың дәстүрімен араластырмауды құптайтынын жеткізді. 

«Қыз ұзату салт-дәстүрімізге жатады. Аялап өсірген қызын, жат ұяға беру – қимастығының белгісі. Араптарда күң-құл сату, әйелдің билігі екінші орында болғандықтан, қазақтың дәстүріндей қыз балаға құрметі жоқ. Тойды садақаға айналдырған, садақа мен қыз ұзату салт-дәстүрді айыра алмаған дүбара сауатсыздар. Уахап шейхтарыңа ұнаймын дегенше, өле қалыңдар, қазақ болмай кеткірлер», – деп ашулы жазба жариялады дәстүрлі әнші. 

Айгүл Елшібаеваның жазбасынан дінді дұрыс ұстанбай жүргендерге қарсы ашу-ыза байқалады. 

«Ұлтымыздың тәрбиелі, мағыналы қыз балаға ақ тілегімен құрмет көрсеткен салт-дәстүрін садақаға айналдырмаңдаршы. Ислам діні, Абу Ханифа мазхабын ұстаған қазақ неше ғасыр мұндай сұмдықты көрмеген шығар! Осылардыкі дұрыс па, ағайын?», – деп жазды ол желіде. 

Айгүл Елшібаеваның әлеуметтік желідегі оқырмандары бірі қалмай оның пікіріне қолдау білдіріп жатыр. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: