Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 00:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ақын Серікзат Дүйсенғазин елуден асқан шағында әке атанды

04.10.2023

941 0

Жыл басында үлкен ұлынан айырылған айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазин “Ұйқым келмейді” бағдарламасында жаңа босанған келішегі мен сәбиінің жағдайы туралы айтты. 

Ақын елуден асқан шағында әке атанғанын атйып, қуанышын жасыра алмады.

“Көңіл күй керемет. Бұған дейін менің ұлым да, қызым да болды. Ол кезде бір ыңғай шаттанып жүретінбіз. Ал мына жағдай ойландырады. Марқұм Әлихан баламның дүниеден өтуі, араға 9 айдай уақыт салып оның орнына мын баламның келуі Құдайдың құдіреті, хикмет. Мұсылман болған соң бір тылсымның бар екеніне сенесің. Аллаға сансыз шүкіоліктер болсын. Жеңгелеріңіздің, баланың жағдайы жақсы. Баламды көрдім. Өзімнен айнымайтын қара бала. Ғұмыры ұзақ болсын! Негізі балаларымды өзімнің жүрген жолыммен, ғылымға , өнерге тәрбиелеуге тырысамын”, – дейді Серікзат Дүйсенғазин.

Айтыскер ұлының есімін кім қоятынын айтты.

“Балаларымның есімдерін академиктер қойған. Бұл балама де есім беретін академик ағаларымызды ойлап отырмыз. Бұйырса жақсы есім қоямыз. Бұл бала Әлиханның ізбасары. Сол себепті Әлиханның ізін жалғаған қайраткерлердің есімін қоятын шығармыз деп топшылап отырмыз. Осы жайында ағайын-туысқандармен, отбасыммен ақылдасып жатырмыз. Әзір есім қоюға мұршам боған жоқ. Бірақ алдағы уақытта әлеуметтік желіден қандай есім бергенімізді білетін боласыздар.  Негізі ана мен баланың жағдайын уайымдадық. Менің жасым да елуді еңсерді. Бұған дейін елуге келіп ұрпақты боламын деп ойлаған жоқпын. Бұл бала Құдайдың құдіретімен, халықтың тілеуімен дүниеге келді. Сол халықтың тілеуімен ғұмыры ұзақ болып, Жамбыл атасының жасын жасап, еліне еңбек сіңірсе екен деймін”, – деп жүрек түкпіріндегі арманымен бөлісті.

Ақпарат көзі: Stan.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: