Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 14:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

 «Қайратты қамау – қателік болды» : асаба Руслан Ысқақ 

15.07.2024

526 0

Сурет: instagram.com/iskakov_showman/

Танымал шоумен, асаба Руслан Ысқақ Қайрат Нұртасты қамауға алу үлкен қателік екенін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Руслан Ысқақ бұл туралы өзінің туған күн кешінде журналист Анна Данченкоға берген сұқбатында айтты. 

«Қазақтың бағына біткен Қайраттай асыл азаматты Қайрат Рысқұлбековтей абақтыға қамамау керек еді. Мен бұған тікелей қарсымын. Қазақтың Қайратын төбемізге көтеруіміз керек еді. Бұл біздің Қайрат, өзгенің Қайраты емес. Екі достың арасында болған жағдайды осындай деңгейге дейін ушықтырмау керек еді. Әлі де болса біздің заңға, заңнамалық актілерге осы мәселелердің барлығын тағы да бір қарастыру керек сияқты. Себебі өнер адамының қоғамға зияны жоқ. Кімді қамау керек? Қоғамға зияны бар адамды, қылмыскерді қамау керек. Ең біріншіден, Қайрат – өнер адамы. Қателеспейтін пенде болмайды, кез келген адам қателеседі. Жоғары жақта отырған адамдар да қателеседі. Сондықтан Қайратты қамау – өте үлкен қателік болды деп ойлаймын», – деді ол. 

Руслан Ысқақтың айтуынша, біздің заңда бітімгершілік жетіспейді. Екі адам өзара келісімге келсе, шара қолданып қажет еместігін алға тартады асаба. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: