Бейсенбі, 26 желтоқсан, 16:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Ұялмайды екен-ай

05.04.2022

765 0

(мазақтама)

Бекенай ма, бұл мықты,

Қисық ісі көп тіпті.

Кешігеді сабақтан,

Қалмас бірақ тамақтан.

Кейде сабақ білмейді,

Қызармайды, күлмейді.

«Екіліктен» шықпайды,

Бұған қабақ шытпайды.

Осы біздің Бекен-ай,

Ұялмайды екен-ай.

Сабақ оқып жарытпас,

Ойын десе жалықпас.

Тебе-тебе ләңгіні,

Басы да оның қаңғыды.

Шықпас таса бұл сайдан,

Өкшесі де қисайған.

Шашы кеткен жалбырап,

Алдырмайды ол бірақ.

Мұны өзі білмейді,

«Қолым тимей жүр» – дейді.

Осы біздің Бекен-ай,

Ұялмайды екен-ай.

Жаманға қалай қиялық,

Мен жүрмін бұған ұялып.

Адырбек СОПЫБЕКОВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: