Бейсенбі, 26 желтоқсан, 09:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Атыс болып, 4 адам көз жұмды

16.06.2021

954 0

АҚШ-тың Чикаго қаласында атыс болып, 4 адам ажал құшты, деп хабарлайды baq.kz

Құрбандардың екеуі әйел, қалғаны – ер кісілер. Тағы 4 кісі жарақат алған. Полиция қанды оқиғаға байланысты ешкімнің қамауға алынбағанын айтады. Құзырлы органдар оққа ұшқандардың аты-жөнін жарияламай отыр. Үйде 2 жастағы бала болған. Абырой болғанда, ол зардап шекпеген. Қазір сәби уақытша арнайы мекеменің қамқорлығына берілді. Билік осы жазда атыс көбейеді деп қауіптенеді. Себебі ковид шектеулері жеңілдетіліп, аралас-құраластық артқалы тұр. 

Бұл қасіретті оқиға шаңырақтарды шайқалтып, бірнеше адамның басына қайғы әкелді. Бұл біз Чикаго бойынша қару-жарақ болатын зорлық-зомбылықты тоқтатуымыз үшін әлі қыруар іс атқаруымыз керек дегенді білдірсе керек. Заңсыз қаруға қарсы күресті күшейту керек, – дейді Чикаго мэрі Лори Лайтфуд.

Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: