Жексенбі, 22 желтоқсан, 18:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Балалар қауіпсіздігі бірінші орында тұру керек

27.08.2022

806 0

Қала әкімі Асылбек Шәменовтің тұрғындармен кезекті кездесуі ел аузында «Шанхай» аталып кеткен шағын ауданда жалғасты. №222 орта мектеп ауласында өткен кездесуде тұрғындар түйткілді мәселелерін айтса, сала басшылары оны шешу үшін жұмыс істелетінін жеткізді. Бұрынғы мәдениет үйіне жиналып, есеп-қисаппен өтетін жиыннан гөрі халықпен еркін тілдесетін жаңа форматтың жақсы екені де сөз болды.

Кездесуде «шанхайлық» тұрғындар мек­теп ауласына салынған ойын алаңы­на алғыс білдіріп, дегенмен бұл аздық ететінін сөз етті. Алаңды жарық шамдары­мен қамтасыз етуді қарастыруды сұрап, мүмкіндік болса тағы да бір ойын алаңын салуды ұсынды. Бұл мәселеге байланысты шаһар басшысы: «Әлем құры­лыс» серік­тес­тігі демеушілік етіп, мына ойын алаңы салынды. Дегенмен «Шанхай» үлкен ау­мақ. Сондықтан 50 балалар алаңы есебі­нен тағы да біреуін салуды қарас­тырамыз», − деді.

Пірімов, Медетбаев пен Свобода көше­лерінде жарық шамдары жоқ. Қысқы мезгілде сабақтан қайтқан балаларға қиын. Аталған мәселені қала басшысы назарға алып, жұмыс жасайтынын мәлім етті және жауапты мамандарға тапсырды. Одан бөлек бұл жиында көтерілген басты мәселенің бірі – қоғамдық көлік. Бұл шағын ауданға бір ғана автобус келеді, аралық интервал уақыты да ұзақ. Балалар мектепке уақытылы жете алмай, кешкі мезгілде жаяу қатынауға мәжбүр. Аталған мәселеге қала әкімі «Біз қазір қалаға 150 автобус алып келу жұмыстарын жасап жатырмыз. Тапсырыс берілді, енді жеткізу жағынан аздап қиындықтар бар. Жаңа қоғамдық көліктер келгенде бағыттарға шығатын автобус санын көбейтуді, жаңа бағыттарды қосуды жоспарлап отырмыз. Алайда 150 авто­бус келгенше күтіп отыра алмаймыз. Сондықтан оқу жылы басталғанда автобус санын көбейту үшін жұмыс жасаймыз, жеке қоғамдық көліктерге ұсыныс береміз», − деп жауап беріп, тұрғындарды бір қуантты.

Кездесуге келген зейнеткер тұрғын С.Лапин тұйығындағы үйлердің мәселесін көтерді. 10 шақты үйі бар бұл көшеде электрэнергиясы мен ауыз су мәселесі қордаланған. Мұндағы үйлер жарық өткізу үшін тоқты көрші көшеден тартқан. Ол тоқ күшін азайтады екен. Ал ауыз су құбыр­ларының жаңартылмағанына біраз жыл болған. Үйлерге су шойын құбырдан келетіндіктен жазғы мезгілде күші азаяды, көбейтсе темір құбырлар жарылып кетеді екен. Аталған мәселені қала әкімі электр­энергия және су мамандарына ертерек рет­теуді тапсырды.

«Шанхай» шағын ауданында балалар қауіпсіздігіне де байланысты мәселелер бар. Мәселен, әл-Фараби көшесінен шыға берістен жаяу жүргінші жолы мен арнайы жол белгілері қажет. Сонымен қатар Қызылжарма каналынан өтетін көпірде жаяу жүргіншілер жолы да жоқ. Бұл ау­маққа балалар ойын алаңы да қажет. Қала әкімі балалардың қауіпсіздігі бірінші орында екенін тілге тиек етіп, мәселе шешілетінін айтты.

Аслан БІРКЕНОВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: