Жұма, 27 желтоқсан, 08:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Біздің күшіміз бірлікте

12.01.2022

1045 0

«Nur Otan» партиясы қашанда халықпен бірге болып, өзінің барлық күш-қуатын халықты қолдауға, Елдікті сақтауға және тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағыттауда. Кешегі орын алған қиын қыстау кезде де партияның барлық ресурстары Мемлекет басшысының елдегі тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған тапсырмаларын орындауға жұмылдырылды.
Бейбіт шерулер орын алған уақытта облыстық партия филиалының төрағасы, облыс әкімі Г.Әбдіқалықова, барлық аудандық партия филиалдарының төрағалары, аудан әкімдері, партия ардагерлері мен белсенділері, фракция мүшелері халықтың ортасында болып, олардың ұсыныс тілектерін тыңдады. Ашуға булыққан халыққа басу айтып, елдің тыныштығын сақтауға шақырды. Мұнан бөлек, Сексеуіл кенті, Қазалы ауданы мен Төретам кентінде теміржол бекеттерінің жабылуы салдарынан орын алған келеңсіздіктер кезінде сол жерлердегі фракция мүшелері тұрып қалған поезд жолаушыларымен бірге болып, сабырлыққа шақырды. Жолаушыларға ыстық тамақ пен гигиеналық заттардың жеткізілуін үйлестіруге қатысты. Сондай-ақ, фракция мүшелерімен арнайы ұжымдарда (теміржолшылар, мұнайшылар, жұмыссыз жастар арасында) кездесулер өтіп, елдің тыныштығын сақтауға бағытталған ақпараттық жұмыстар жүргізілді. Мұндай жұмыстар партия белсенділері мен партия жанындағы қоғамдық кеңестер төрағаларымен әлеуметтік желілерде жергілікті БАҚ–да жарияланды. Денсаулық сақтау саласындағы партияластарымыз шеру кезінде зардап шеккен тұрғындарға медициналық қызмет көрсетіп ұжымды жұмылдыруда.
«Jas Otan»ЖҚ белсенділері облыстағы жастармен бірлесіп, қала қақпаларына орнатылған блок посттардағы әскери қызметшілерге ыстық тамақ жеткізу жұмыстарына атсалысуда. «Nur Otan» партиясы әрқашан халықпен бірге болды және солай бола береді, – дейді облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Л.Төрешова.
Бүгінгі күндері де партия мүшелері мен жақтастары өздерінің адал еңбектерімен, жеке қаражаттарымен бұзақылар қолымен бұзылған ғимараттарды қалпына келтіруге көмектесіп жатыр. Тәртіп сақшыларын ыстық тамақпен, жекелеген гигиеналық заттармен қамтамасыз етуде. Бұл жұмыстар барлық аудандардағы блок бекеттерде жүргізілуде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: