Сенбі, 23 қараша, 05:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Қала әкімі тұрғындарды қабылдады

29.12.2020

3669 0

Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев тұрғындарды онлайн қабылдады. Кезекті қабылдауда тұрғындар өздерін мазалаған жеке мәселелерін айтып, қала басшысына сауалдарын жолдады. Онлайн форматтағы кездесуге тұрғындар әлеуметтік көмек, жол, тұрғын үй, жер және т.б мәселелер бойынша қабылдауға жүгінді. Әр тұрғынның мәселесін жеке тыңдаған қала басшысы, мәселенің жедел шешілуін назарға алды.
Мәселен, жеке қабылдауға Белкөл кентіндегі жол және темір жолдан өтетін аспалы көпірдің жайын сұрай келген тұрғынға «Аспалы көпір мәселесін шешуге яғни көпірдің құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттік өтінім берілді. Сәтін салса құрылыс жұмыстары жылдың басында басталып, жыл аяғына дейін көпір көптің игілігіне берілетін болады» – деген шаһар басшысы жол жөндеу жұмыстарының да көп күттірмей шешілетінін айтты. Сондай-ақ, қала әкімі қабылдауда Гагарин қыстағындағы А.Ақаев көшесінің мұңын айтқан тұрғындарға көктемде көше жөнделіп, жарық мәселесі де жайластырылатындығын жеткізді.
Сонымен қатар, қабылдау барысында қала әкімі тыңдалған әр мәселенің түйінін тарқатып, көтерілген мәселеге байланысты жауапты сала басшыларына тиісті шараларды дер кезінде қабылдауды тапсырды.
Айта кетейік, жыл басынан бері қала әкімі 1500-ға жуық қызылордалықты жеке мәселесімен қабылдады. Әкімдікке мәселесін айтып, мұқтаждығы бойынша жүгінгісі келетін азаматтарды карантиндік талаптарды сақтай отырып онлайн қабылдау жүргізіп, тұрғындар тарапынан көтерілген әр мәселенің заң аясында шешілуін ұдайы назарда ұстап келеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: