Бейсенбі, 26 желтоқсан, 11:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Денесін сөмкеге салып, таксимен тасыдым»: өз ұлын өлтірген әке оқиғаның қалай болғанын айтып берді

26.07.2023

718 0

Ақтөбеде 4 жасар Данил Ахуновтың өліміне кінәлі деп айыпталған әкесі Артур Ахунов сотта оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 4 жасар Данил Ахуновтың өліміне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. 

Сот отырысында баланың әкесі, сотталушы Артур Ахунов жауап берді. Оның айтуынша, балаларды өз қамқорлығына алған соң анасынан бөлек шығып, пәтер жалдаған.

«Тамақ дайындап жатқан кезде Данил үлкен дәретке отырды. Ваннаға апарып, киімдерін шешіп, суын ағыздым. Сол кезде асханада тамақтың күйіп жатқанын біліп, жүгіріп кеттім. Бір кезде бала айқайлап жатты. Ыссы суды ашып жіберіп, күйіп қалған. Мен бірден салқын суды ағызып, ваннадан шығарып алдым. Терісі сол кезде күйіп қалды. Мен не істерімді білмедім? Жұмыртқа жағу керек екені есіме түсті. Шынымды айтсам, ұйқым қанбады, балаларды бағу қиын еді. Кейін ауырып, дене қызуы көтеріле бастады. Құсты», – деді сотталушы Артур Ахунов.

Сол күні ұйықтар алдында балалар төбелесіп, Данил құлап қалған. Содан кейін Данил әжетханаға барып, қайта жуынады. Әкесі оны орындық үстіне тұрғызып, сүлгімен сүрткен. Қайта айналып келгенде, баланың құлап, мұрнынан қан аққанын көреді.

«Бала есінен танғанда «көзіңді аш» деп айттым. Ол ашпады. Кейін көгеріп жатқанын білдім. Тамыр соғысын тексердім, жүрегін тыңдағанда тоқтап қалғанын білдім. Жасанды жолмен тыныс алдыру үшін массаж жасадым. Сасқанымнан жедел жәрдем шақыруды білмедім. Ұйқым қанбаған соң миым да істемеді, ойлай алмадым. Бұл уақыттың бәрінде балалар менің жанымда жүрді. Көршілер арқылы жедел жәрдемге хабар беру үшін киіне бастадым. Қайта барып, баланы қарадым. Жүрегіне массаж жасағанда қайта жаны кіре ме деп ойладым. Бірақ қолымнан келмеді. Қолыма телефон алып, анама балаларды апарамын дедім. Сол кезде Данилдің ауырып қалғанын айтып, өзге балаларға жұқпасын дедім. Ол алып қалуға келісті. Данил үйде болды. Анам Данил туралы сұрады, бірақ мен жауап бермедім. Бұл дәл қай күні екенін білмеймін. Анамнан шыққан соң қайта үйге келдім», –  дейді сотталушы.

Ол үйіне келіп ұйықтап, бірнеше күн ешкіммен байланыспаған.

«Қанша күн болғанын білмеймін. 10-11 күн шығар. Мен оның денесін балконға шығарып тастадым. Балалардың көрпесіне орап, шығардым. Содан соң интернет арқылы экскаватор қызметі деген хабарлама тауып алдым. Телефон шалып, жер қазып беруді өтіндім. Ол жерді қазып беріп, кетіп қалды. Сол күні мен базарға бардым. Нақты қай базар екенін білмедім. Екі күрек алып, қазылған жердің жанына апардым. Үйге барып, баланың денесін алып шықтым. Ол кезде күн қараңғы болды. Қытайлық торкөз сөмкеге салдым. Таксимен қазылған жерге апардым. Көліктің қандай екені есімді жоқ. Артқы жақта оның заттары болды. Бала салған сөмкені сонда салдым. Діттеген жерге жеткенде таксиді жөніне жібердім. Шұңқырдың тереңдігі 2 метрден асады. Көрпесімен оралған күйі тастадым. Қанша уақыт бойы көмгенім есімде жоқ. Сөмкені қоқысқа тастап кеттім. Күректі де сонда қалдырдым. Кейін анама бардым. Балаларды құшақтап, жаттым», – деді Артур Ахунов.

Сотталушы арада бірнеше күн өткен соң жалдамалы пәтеріне барып, заттарын алады. Кейін полицияға хабарласып, баласының жоғалып кеткенін айтқан.

«Полиция қызметкерлері келді. Іздеу жүрді. Мені полицияға апарды. Сұрақ-жауап жүргізді. Ұрды. Бір күннен астам уақыт ұстады. Ұйықтатпады. Оқиғаның қалай болғанын сұрады. Мен оларға сотта айтып отырғандай айттым. Бірақ тергеуші мені қыспаққа алып, анамның видеосын көрсетті. Анам баланы өлтіріп алғанын хабарлап тұр. Мен оның қайда түсірілгенін білмеймін. «Ұрдым, өлтіріп алдым, басқа ешкім кінәлі емес» деп анам айтып отыр. Содан тергеушіден қысым көргенде баланы көмген жерді айтып бердім, мойындадым. Көмген жерге барып, алдымен қолмен қыздық. Кейін экскаватор келді. Баланың денесін тапты. Сосын тергеуші бәрін қағазға түсірді», –  деді сотталушы.

Сот отырысы жалғасып жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: