Жексенбі, 22 желтоқсан, 15:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Көлде балықтар жаппай қырылды

02.08.2023

752 0

Солтүстік Қазақстан облысындағы Питное көлінде биыл да балық қырылды. Тиісті ведомстволардың мамандары оқиға орнына барып, су жәндіктерінің неден өлгенін анықтау үшін сынама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 тамыз күні балықтың қырылғандығы туралы ақпарат түсісімен Экология департаментінің мамандары, Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, СҚО әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы қызметкерлері жұмыс тобын құрып, М.Жұмабаев ауданында орналасқан Питное көліне барды.

Мамандар көлдің жағалауын тексерді, алдын ала есеп бойынша, шамамен 100 кг астам мөңке, алабұға балығы қырылған. Су жәндіктерінің неден өлгенін анықтау үшін көл суының сынамасы, сондай-ақ өлген балықтың ұшасы лабораториялық сараптамалар жүргізу үшін алынды.

Қырылған балықты Кладбинка ауылдық округінің әкімдігі жинап, жойды.

Экологтардың айтуынша, тексеру қорытындысы және кырылған балықтың себебі анықталғаннан кейін қосымша хабарланатын болады.

М.Жұмабаев ауданы Питное көлінде балық алғаш рет қырылған жоқ. Естеріңізге салайық, осыдан үш жыл бұрын су айдынында жарты тоннаға жуық мөңкенің өлексесі табылғанын айтқан едік. Мамандар ол жолы да тексеру жүргізіп, нәтижесінде балықтың көл түбінен күкіртсутектің көп мөлшерде бөлінуінен өлгенін анықтады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: