Дүйсенбі, 30 желтоқсан, 22:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№102 – 2112
28.12.2024
PDF мұрағаты

«Мен – педагогпін, купальникпен шомылуға болмайды»: Көлге шомылған мұғалім көпшіліктің назарын аудартты

23.07.2024

836 0

Сурет: скриншот

Қапшағайда көлге күнделікті жұмыс киімімен түскен бейтаныс әйел көпшіліктің назарын аудартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол бұл әрекетін педагог екендігімен түсіндірді.

Мен Қапшағайда жүрмін. Мен – педагогпін. Маған купальникпен шомылуға болмайды. Мен кастюммен түстім. Мен ешқашан өзімнің педагок екенімді ұмытпауым қажет. Мен қай жерде болсам да – педагогпын! – дейді ол.

Бұл видеоны көрген әлеуметтік желі қолданушылары «Костюммен түспей-ақ, жабық көйлекпен шомылса да болар еді. Көпке күлкі болып, әжуаға айналғанның несі абырой болды?», «Мұғалім де ет пен теріден тұратын адам екеніне қоғамның назарын аудартқысы келген ғой бұл ұстаз. Қит етсе, мұғалімді аңдып, оны сынауға бейім тұратын адамдар енді жұмысқа киетін киіммен түскені несі, есі дұрыс па?» т.б. түрлі пікір жазып жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: