Жексенбі, 24 қараша, 04:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Сенат депутаттары Қазалы ауданына жұмыс сапарымен келді

16.08.2022

907 0

Бүгін Қазалы ауданына ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Мұрат Бақтиярұлы мен Ақмарал Әлназарова жұмыс сапарымен келіп тұрғындармен кездесті.

Сондай-ақ, әлеуметтік нысандарға барып, құрылыс жұмыстарымен танысты. Сенаторлар аялдаған алғашқы нысан Әйтеке би кентіндегі аудандық емхана болды. Жаңадан пайдалануға берілген емхана ауысымына 250 келушіге дейін қабылдай алады. Аудан тұрғындарына жаңа заман талабына сай келетін медициналық аппараттар қызмет көрсетеді. Мұнан соң Қазалы қаласында салынып жатқан 140 орындық балабақша мен Сырдария өзенінің «Қарлаң» учаскесіндегі темір бетон көпірінің құрылысымен танысты.

Сондай-ақ, бақшалық басында шаруалармен де кездесті. Қазалы қаласының тұрғыны Сахи Татаев жыл сайын елді мекен іргесіне бақша егіп, бала-шағасын көкөніс және бақша дақылдарымен қамтамасыз етеді. Артылғанын аудан орталығына апарып, арзан бағада тұрғындарға өткізеді.Қазалы ауданына жұмыс сапары кезінде депутаттар Жанкент ауылының тұрғындармен де кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Басқосуда ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Мұрат Бақтиярұлы мен Ақмарал Әлназарова сөз сөйлеп, Парламент қабырғасында атқарылып жатқан жұмыстардың бірқатарын елге жеткізді. Сонымен қатар, қасиетті Қазалы ауданында халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарту, оларға қолайлы орта туғызу мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын тілге тиек етті. Кездесуде жанкенттіктер әйелдердің зейнет жасын төмендету жөнінде ұсыныстарын айтты.

Бұл сұраққа ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы жауап беріп, айтылған мәселеге байланысты жыл соңына дейін шешім қабылданатын жеткізді. ҚР Парламент Сенаты депутттарының Қазалы ауданына сапары кезінде аудан әкімі Мұхтар Оразбаев, аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап, облыстық мәслихат депуттартары Мнажадин Өтеев, Ібайдулла Тілеп бірге жүрді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: