Жексенбі, 22 желтоқсан, 22:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Теңдесіз тәуелсіздікке – 30 жыл

03.12.2021

2370 0

Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың сан ғасырлық аңсаған арманы.   Алаш ардақтыларының аманатын арқалаған қастерлі де қасиетті мереке! Азаттық – тәңірдің бүгінгі ұрпаққа берген тамаша тартуы, халқымыздың мәңгілікке жол бастайтын баға жетпес құндылығы. Күні бүгінге дейінгітолағай табыстарға Тәуелсіздіктіңтұсында қол жеткіздік. Үстеміздегі жыл Қазақстан Республикасының Тəуелсіздігіне тура 30 жыл.

Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  «Қазақ халқы талай рет тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды. Бірақ, өмірге деген құштарлық, азаттық аңсары еңсесі түскен елді қайыра түлетіп, қайтадан тәуекел тұғырына қондырып отырды» деген болатын. Бұл тіркес елдікке бастайтын алтынкөштің алғышарты іспеттес.

Иә, шындығында,  халқымыз небір сындарлы кезеңдерді бастан кешірді. Қай дəуірде де болмасын қазақ ұлттық кодын жоғалтқан емес.Айта кетуіміз керек, еркіндік алып, еңсе тіктегелі болашаққа бағдар тауып, өшкеніміз қайта жанданды.

Орда бұзар жас тарих үшін тым қысқа уақыт. Алайда, аталмыш уақыт ішінде Қазақстан қуатты мемлекетке айналып үлгерді. Шекарасын шегендеп, мемлекеттік рəміздерін айшықтады. Бəсекеге қабілетті төл теңгесін таралымға шығарып, экономикасы тұрақты əлеуетті әлемдік державалардың қатарын толықтырды. Төл мəдениениетінен алыстамай, тілі мен ділін бір қалыпқа келтірген зайырлы мемлекет ретінде əлемдік тарих беттерін жаңа бетін жазды. Бұл сонау 1991 жылдың 16 желтоқсанынан бастау алған болатын.

Тəуелсіздік жылдары жаңа Қазақстанның жаңа жетістіктеріне жол ашты десек артық айтқанымыз емес. Үлкен тəуекелмен табысқан Тəуелсіздік тойы исі қазаққа сол үшін де бағалы. Əлемдік картада Евразияның жүрегінен ойып тұрып орын алған Қазақстан əлем халқына өзін батыр халық ретінде таныстыра білді. Кешегі көшпендіден бергі бұл ғасыр аралығы азаттық шежіресі болып айтылса керек.

Ел еркіндік алған тұстан қазақты көкке шығарған Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты айтпай кетсек айып болар. Кемеңгер көшбасшының сарабдал саясатының нəтижесінде Қазақстан өз əскері бар, экономикалық дамуға ие, бай тарихын қайта жаңғыртқан жаңа Қазақстанға айналды. ТМД елдерінің ішінде дамыған елдермен терезесі тең дəрежеде қатар дамыды. Əрине, мұның бəрін бір жазбаға сыйдырып жазып шығу оңай. Алайда, мұнда Елбасының ерен еңбегі жатыр. Тарих куə. Бүгінгі қай құрылымда болмасын тұрақтылық пен даму үдерісінің көрініс беруі – елін сүйген, елі сүйген Елбасының жемісі.

ТеңдессізТəуелсіздігіміздің мерейлі мерекесі мəңгілік болғай. Ендігі жерде бір мақсат, бір мүдде жолында  арман-мақсатымызды ұштастырып аянбай еңбек етуіміз қажет. Егемен еліміз еңселі, Тəуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Нарқыз ƏЛІБАЙ

«Сыр дидары» бөбекжай-балабақшасының

 би жетекшісі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: