Бейсенбі, 26 желтоқсан, 21:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Елім дейтін ер болсын…

12.09.2023

425 0

Ұшқан құс та ұясыз болмайтынындай адам да отансыз болмайды. Отан –  туған жер алтын бесігің. Еліміздің бүгіні, ертеңі мен болашағы ішкі сыртқы тыныштығына тікелей байланысты.

Кезіндегі Алтай мен Атырауды жайлап, Еділ – Жайықты бойлай қоныс теуіп ел шежіресін сыр алқапқа найзаның ұшымен білектің күшімен, қанмен қашап жазған өр рухты бабаларымыздың ұрпақтары бүгінде ел тыныштығын күзетуде.

Сайдың тасындай іріктелген қайсар ерлер аналарымыз бен балаларымыздың түн ұйқысының тыныштығын сақтауда болса, буыны бекіп, ақыл ойы толыққан жастарымыз әскер қатарына алынып, ел мен жер алдындағы мақсат міндеттерін ұғынуда.

Жас жеткіншектеріміз әскери өмірде темірдей қатал тәртіпке бағынып ел басына күн туған сәтте, кез-келген жағдайдан шығу жолдарын, қорғану мен қорғауды, антқа берік, досқа адал болуды үйренуде.

Дегеніменде, бес саусақ бірдей емес, ата анасы үміт артып өсірген азаматтарымыздың ішінде әскерден қашып, қиыс басып түрлі қулыққа барып жатқандарын да байқаймыз. Түрлі осындай себептермен әскер қатарын толықтыру ісі де күрделеніп, қиындай түседі. Осы орайда ата  аналар әрбір өсіріп отқан баламыздың бойына Отанға деген сүйіспеншілікті сіңіріп,  «Ел  тыныштығы ерге сын» екендігін құлағына құйып, нағыз азамат әскерде шыңдалады деп өсірсек екен деймін. Сонда ғана Бауыржан Момышұлы айтқандай ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жұмылып қызмет ететін, елін сүйетін патриот жастар өседі.

Мақаланы жазған:

Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі

әскери полиция бөлімшесінің бастығы

майор Бактияр Дауренкулов

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: